KZ
KZ RU
26 сәуір 2024 22:44

Лига Кубогы: елімізде жүлде қоры 1 миллион долларды құрайтын турнир басталады

26 сәуір 2024 22:44

Бүгін Астана қаласында жаңа турнир - 1ХВЕТ QFL Лига Кубогының жеребе тарту рәсімі өтті. Жаңа кубок үшін еліміздің 15 өңірінен 16 мықты клуб таласады. Олар ел футболындағы ең үлкен жүлде қоры - 1 миллион долларды сарапқа салады. Турнирдің бас демеушісі ретінде 1ХВЕТ компаниясы танылды.

 

Бәсеке 3 кезеңнен (топтық кезең, жартылай финал және финал) тұрып, 25 мамыр - 24 қараша күндері аралығына жоспарланған. Жарыстың жеребе тарту рәсімін республикалық «Астана» телеарнасында отандық аңыз футболшы Самат Смақов жүргізді. Жанкүйерлер 29 тартысқа толы матчқа куә болады.

    

CUP.png


«Жаңа кубоктың болуы - бұл тек жанкүйерлер үшін ғана мереке емес. Сонымен қатар Лиганы коммерцияландыру барысындағы қарқынды жұмыстың үлкен қадамы. Футболға деген қызығушылық күн өткен сайын артып келеді және бұл өз кезегінде демеушілерге де тиімді. Клубтар жақсы сыйақы алуға мүмкіндік алса, жанкүйерлер көптеген сапалы ойындарды тамашалайды. Осы орайда біздің «Футболмен бірге» атты ұранымыз клубтар, серіктестер мен жанкүйерлерді тығыз байланыстырады» - деді Qazaqstan Football League президенті Рафаэль Гарибян.

 

Айта кетейік, Лига Кубогың өткізу тәжірибесі ағылшын чемпионатында бар. Үздік халықаралық тәжірибені қабылдай келе, QFL 1ХВЕТ компаниясымен бірге маусым алдында да жүлде қоры 100 миллион теңгені құрайтын коммерциялық турнир ұйымдастырып, Бірінші лигада жаңа маусымды бастаған болатын. Демеушілер рекордтық сыйақы турнирге ерекше статус беріп, қатысушыларға жаңа мотивация сыйлайды деп сенеді.


1 (17).png

 

«Лига Кубогы отандық футбол күнтізбесіндегі ерекше оқиға екендігіне сенімдімін. Бұл тек команда мен ойыншыларға жеңіске деген құштарлығы үшін қосымша мүмкіндіктер берумен қатар, жанкүйерлер арасында да футболдың танымал болуына әсер етеді. Жарыс көрермендерді қуантып, оның санының артуына ықпал етеді. Өйткені жанкүйерлер спорт пен тартысты бәсекелерді ұнатады. Бұл бәріміз үшін тартысты оқиға. Мен барлық футбол сүйер қауым қуанышты болатынына сенімдімін!» - деп 1XBET компаниясының маркетинг бойынша басшысының орынбасары Санжар Тоқтасын өз әсерімен бөлісті.


Кубок иегері турнирдің барлық кезеңінде жеңіске жетсе, 134 миллион теңгеге дейін сыйақы иемденуге мүмкіндігі бар. Топтық кезеңнің мачтары 25-26 мамыр (1 тур), 6-7 шілде (2 тур) және 20-21 шілде (3 тур) өтеді. Жартылай финал 10-11 тамыз бен 30 қазан, ал финал 24 қарашаға жоспарланған. 1ХВЕТ QFL Лига Кубогының ойындарын тікелей эфирде Q Football, Q Arena, Q League, Qazsport телеарналары мен QFL.KZ сайты көрсетеді.