KZ
KZ RU
07 мамыр 2024 17:00
OLIMPBET КУБОК

OLIMPBET QFL Қазақстан Кубогы: ширек финалдағы суперматчтар

07 мамыр 2024 17:00

8 мамыр күні OLIMPBET QFL Қазақстан Кубогы турнирі қайта жанданады. 1 күнге жоспарланған матчтардың қорытындысы бойынша, барлық жартылай финалистер анықталады.

 

«Тобыл» - «Астана»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Qazsport телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Тобыл Арена» (Қостанай)

Төрешілер: Сәриев Болат (Орал), Виноградов Денис (Петропавл), Ахметов Азамат (Қызылорда)

VAR төрешісі: Сахи Данияр (Қызылорда)

AVAR төрешісі: Васютин Сергей (Алматы)

Қосалқы төреші: Гриценко Иван (Қостанай)

Инспектор: Жуковский Геннадий (Атырау)

Қай кезеңде кездескен?

Қазақстан Суперкубогы:

2021 жыл. Жеңімпаз - «Тобыл»;

2014 жыл. ¼ финал. Жеңімпаз – «Астана»;

2011 жыл. «Жеңімпаз» - «Локомотив» (қазіргі «Астана»).

OLIMPBET QFL Қазақстан Кубогының чемпионы «Тобыл» үшін қиын сынақ күтіп тұр. Бір аптадай бұрын клубтар OLIMPBET QFL Премьер-лигада кездесіп, 2:2 есебімен тең тарқасқан. «Астана» 2023 жылы жартылай финалына дейін жеткен. Сұрапыл матч болатыны айтпаса да түсінікті.

 

«Атырау» - «Қайрат»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Мұнайшы» стадионы (Атырау)

Төрешілер: Байымбет Сәкен (Тараз), Мортин Никита (Ақтөбе), Жүнісов Нұржан (Астана)

VAR төрешісі: Абдуллаев Бағдат (Қаратау)

AVAR төрешісі: Навроцкий Иван (Астана)

Қосалқы төреші: Мұхат Айбек (Атырау)

Инспектор: Хуснутдинов Рашит (Орал)

Қай кезеңде кездескен?

2022 жыл. А тобы. «Қайрат» 2 ойында да жеңді;

2017, 2018 жыл. Финал. Жеңімпаз – «Қайрат»;

2014, 2023 жыл. ¼ финал. Жеңімпаз – Өзара 1 реттен жеңген;

2001, 2016 жыл. ½ финал. Жеңімпаз – «Қайрат».

Жеребе клубтарды 3-ші жыл қатарынан кездестіріп жатыр. Өткен сенбі күні ғана OLIMPBET QFL Премьер-лигасы аясында Алматыдағы ойында «Қайратқа» жеңіске жету оңайға соқпаған болатын. Енді өз жерінде көшбасшыларға есе жібермейтін Атырауда қысым одан да жоғары болатыны сөзсіз.

 

«Ордабасы» - «Ақтөбе»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Qazsport телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Қажымұқан атындағы орталық стадион (Шымкент)

Төрешілер: Кучин Артем, Русяев Алексей, Быстров Дмитрий (бәрі Қарағандыдан)

VAR төрешісі: Измайлов Денис (Талдыкқорған)

AVAR төрешісі: Сысоев Антон (Көкшетау)

Қосалқы төреші: Жарылқасынов Самат (Шымкент)

Инспектор: Сламбеков Қайрат (Алматы)

Қай кезеңде кездескен?

2012, 2013 жыл. ¼ финал. Жеңімпаз – «Ақтөбе»;

2006 жыл. 1/8 финал. Жеңімпаз – «Ақтөбе».

2023 жылы «Ақтөбе» алғашқы айналымда «Атыраудан» пенальтимен жеңілсе, «Ордабасы» финалға дейін жеткен. Араға 11 жыл салып, ұжымдар ширек финалда қайта кездеспек. OLIMPBET QFL Премьер-лигада кейінгі 2 жылдағы Шымкенттегі кездесулер тең аяқталған. Осы турда демалыс алған «Ордабасының» физикалық жағынан артықшылығы бар.

 

«Елімай» - «Қызылжар»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Q Football, Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Спартак» стадионы (Семей)

Төрешілер: Чеховский Георгий (Астана), Жолдас Бахытжан, Сәрсенбаев Нұрлан (екеуі де Алматыдан)

VAR төрешісі: Сұлтанғалиев Руслан (Атырау)

AVAR төрешісі: Белоградов Дмитрий (Павлодар)

Қосалқы төреші: Вишняков Дмитрий (Семей)

Инспектор: Кызылбаев Бахыт (Ақтөбе)

Бірінші рет кездеседі.

Семейліктер былтыр бастапқы кезеңнің плей-оффында «Тұранға» қосымша уақытта жол берсе, «Қызылжар» дәл осы ширек финалда «Ордабасыдан» өте алмаған болатын. Қос команда үшін де жартылай финалға жолдама алу өте жоғары жетістік болмақ. Себебі, бұған дейін 2003 жылы петропавлдықтар «Есіл-Богатырь» атауымен жартылай финалда доп тепкен еді. Мүмкіндіктері шамалас.

 

Айта кетейік, 1/4 финал кездесулері бір ойыннан тұрады. OLIMPBET QFL Қазақстан Кубогы ойындарын тікелей эфирде Q Football, Q Arena, Q League, Qazsport телеарналары мен QFL.KZ сайты көрсетеді.