KZ
KZ RU
26 сәуір 2024 18:22
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

6-шы тур: Семейге футбол мерекесі оралады

26 сәуір 2024 18:22

Алдағы демалыс күндері OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 6-шы турында «Елімай» клубы осы маусымда алғаш рет Семей қаласында ел чемпиондарын қабылдаса, «Астана» сырт алаңда «Тұранмен» сәтсіздік сериясын тоқтатуға тырысады.

 

27 сәуір

 

«Тобыл» - «Жеңіс»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Qazsport телеарнасы

Стадион: «Тобыл Арена» (Қостанай)

Кездесу статистикасы: «Жеңіс» - 16 жеңіс, «Тобыл» - 13 жеңіс, тең – 7

Төрешілер: Абдуллаев Бағдат (Каратау), Лабашов Денис, Калачев Сергей (екеуі де Атырау)

VAR төрешісі: Омаров Рустам (Алматы)

AVAR төрешісі: Филоненко Дмитрий (Тараз)

Қосалқы төреші: Қазбеков Әнуар (Қостанай)

Инспектор: Салий Павел (Өскемен)

OLIMPBET QFL Премьер-лигасының алғашқы ойыны Қостанайда басталады. «Тобыл» командасы сөзсіз фаворит. Бірақ алаң иелерінің «Тұранға» қарсы мачта қаншалықты қарсыласқа мүмкіндік бергенін көрдік. Егер «Жеңіс» өз мүмкіндігін қолданып кетсе, «Тобылға» да қиын болмақ.

 

«Тұран» - «Астана»

Уақыты: 16:30

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Sport+ телеарнасы

Стадион: Қажымұқан атындағы орталық стадион (Шымкент)

Кездесу статистикасы: «Астана» - 2 жеңіс, «Тұран» - 0 жеңіс, тең – 6

Төрешілер: Затула Александр (Өскемен), Дауанов Ардақ, Мағау Наргис (екеуі де Алматы)

VAR төрешісі: Горда Данил (Көкшетау)

AVAR төрешісі: Павлов Александр (Алматы)

Қосалқы төреші: Орунбаев Илашбек (Түркістан обл.)

Инспектор: Заякин Виктор (Семей)

Үш матч бойы қарсыластарын жеңе алмай келе жатқан елордалық клуб кезекті рет өздеріне қолайсыз командамен жолығады. Бұған дейін «Тұранның» алаңында өткен 4 матч та итжығыспен біткен. Ал «Астана» тек OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы аясында ғана Түркістан облысы ұжымдарынан басым түсе алған.

 

«Атырау» - «Қызылжар»

Уақыты: 16:30

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Cтадион: «Мұнайшы» стадионы (Атырау)

Кездесу статистикасы: «Атырау» - 11 жеңіс, «Қызылжар» - 6 жеңіс, тең – 10

Төрешілер: Сариев Болат (Орал), Быстров Дмитрий, Филатов Иван (екеуі де Саран)

VAR төрешісі: Ткачев Кирилл (Алматы)

AVAR төрешісі: Тергеусізов Самат (Алматы)

Қосалқы төреші: Волков Артем (Атырау)

Инспектор: Юмашев Эдыген (Астана)

Атырау жеріндегі кейінгі үш матч тең есеппен аяқталған. Бұған дейін 2018 жылы ғана «Атырау» 3:2 есебімен басым түсті. Осы жолы да өз алаңында ойнағанымен, «Қызылжар» фаворит. OLIMPBET QFL Премьер-лиганың 4 ойынында қарсыластарымен тең түскен алаң иелері керек сәтте мықтыларға қарсы төтеп береді.

 

«Қайсар» - «Қайрат»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Стадион: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда)

Кездесу статистикасы: «Қайрат» - 36 жеңіс, «Қайсар» - 14 жеңіс, тең – 14

Төрешілер: Сұлтанғалиев Руслан (Атырау), Бельский Евгений (Тараз), Лесив Станислав (Семей)

VAR төрешісі: Чеховский Георгий (Астана)

AVAR төрешісі: Карлов Евгений (Павлодар)

Қосалқы төреші: Жақсылық Төребек (Қызылорда)

Инспектор: Дузмамбетов Руслан (Өскемен)

«Қайсар» үшін кезекті қиын ойын. Статистикаға назар аударсақ, былтырғы маусымда «Қайсар» өз алаңында тең түсіп, сырт алаңда 3:0 есебімен ірі жеңіске қол жеткізген болатын. Бірақ осы жолы клубтардың жағдайы екі түрлі. «Қайраттың» шабуыл шебі Қызылордада қалай да болсын, гол соғуы мүмкін.

 

28 сәуір

 

«Елімай» - «Ордабасы»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Qazsport телеарнасы

Стадион: «Спартак» (Семей)

Төрешілер: Байымбет Сәкен (Тараз), Тихонюк Юрий (Ақтөбе), Гриценко Иван (Қостанай)

VAR төрешісі: Сахи Данияр (Қызылорда)

AVAR төрешісі: Васютин Сергей (Алматы)

Қосалқы төреші: Вишняков Дмитрий (Семей)

Инспектор: Горда Александр (Кокшетау)

Командалар маусым басталмай тұрып, 1XBET Winter Cup аясында жолығып, «Ордабасы» ірі есеппен жеңген еді. Алайда одан бері 2 ай өтті. «Елімай» жеңілістен сабақ шығарды деп ойлаймыз. Оның үстіне Абай облысының клубы алғаш рет OLIMPBET QFL Премьер-лигадағы матчын Семей қаласында қабылдайды.

 

«Жетісу» - «Ақтөбе»

Уақыты: 16:30

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Qazsport телеарнасы

Өтетін жері: «Жетісу» стадионы (Талдықорған)

Кездесу статистикасы: «Ақтөбе» - 23 жеңіс, «Жетісу» - 11 жеңіс, тең – 16

Төрешілер: Есмұратов Арман, Жүнісов Нұржан (екеуі де Астана), Бейжанов Рустам (Петропавл)

VAR төрешісі: Нұрмұстафина Эльвира (Алматы)

AVAR төрешісі: Панин Максим (Қостанай)

Қосалқы төреші: Измайлов Денис (Талдықорған)

Инспектор: Ордабаев Құрманбек (Түркістан обл.)

Командалар 2 апта бұрын ғана Ақтөбе төрінде кездесіп, ақ-қызылдар 1:0 есебімен басым түскен. Бірақ «Жетісу» де қарап қалмай, соңғы минуттарда есепті теңестіруге жақын болған. Кезекті матч Талдықорғанда өтеді. 2021 жылдан бері «Ақтөбе» тұрақты түрде Талдықорғаннан 3 ұпай алып келгенмен, осы жолы қалай боларын жасыл алаң шешеді.

 

OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 6-шы тур ойындарын жіберіп алманыздар!