KZ
KZ RU
24 тамыз 2023 16:57

«Тобыл» футбол клубына техникалық жеңіліс есептелді

24 тамыз 2023 16:57
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-Чемпионат Регламентінің 68-тармағын бұзғаны үшін, атап айтқанда футболшы Игорь Ивановичтің бір тур аясында екі клуб сапында заңсыз алаңға шыққаны үшін, Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің шешімімен Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты XIX турының «Қайрат» - «Тобыл» ойынының нәтижесі жойылғанын туралы хабарлайды.
 
Тәртіптік регламенттің 25-бабына сәйкес «Тобыл» футбол клубына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс есептелді.