KZ
KZ RU
22 сәуір 2024 18:00

Тарихи рекорд: «Қайрат» - «Ақтөбе» матчына 22 804 жанкүйер жиналды

22 сәуір 2024 18:00

OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 5-ші турындағы «Қайрат» - «Ақтөбе» матчында 22 804 жанкүйер жиналды. Осылайша бұл көрсеткіш ел тарихындағы жаңа рекорд ретінде тіркелді. Аталмыш ойын 20 сәуір күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтті.

 

Премьер-лига тарихында көрермен ең көп жиналған ТОП-10 матч: 


1. «Қайрат» - «Ақтөбе» - 22 804 көрермен (Алматы қаласы, Орталық стадион, 20 сәуір 2024 жыл);

2. «Ордабасы» – «Оқжетпес» - 22 168 көрермен (Шымкент қаласы, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион, 21 мамыр 2023 жыл);

3. «Қайрат» – «Ақтөбе» - 21 845 көрермен (Алматы қаласы, Орталық стадион, 14 мамыр 2023 жыл);

4. «Қайрат» – «Астана» - 20 356 көрермен (Алматы қаласы, Орталық стадион, 27 тамыз 2023 жыл);

5. «Ордабасы» – «Қайсар» - 19 563 көрермен (Шымкент қаласы, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион, 6 мамыр 2023 жыл);

6. «Қайрат» – «Астана» - 19 200 көрермен (Алматы қаласы, Орталық стадион, 24 маусым 2018 жыл);

7. «Қайрат» – «Астана» - 19 000 көрермен (Алматы қаласы, Орталық стадион, 23 маусым 2016 жыл);

8. «Қайрат» – «Астана» - 19 000 көрермен (Алматы қаласы, Орталық стадион, 31 мамыр 2017 жыл);

9. «Шахтер» – «Астана» - 18 900 көрермен (Қарағанды қаласы, «Шахтер» стадионы, 29 қазан 2011 жыл);

10. «Ордабасы» – «Қайрат» - 18 063 көрермен (Шымкент қаласы, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион, 20 тамыз 2023 жыл).

 

Осы орайда жанкүйерлердің отандық клубтардың матчтарына қызығушылығы артып жатқанын байқаймыз. Тек қана 2024 жылдың 1 наурыз – 21 сәуірі күндері аралығында ойындарды стадионнан 160 867 көрермен тамашалаған:

OLIMPBET QFL Премьер-лигасы (1-5 тур) – 115 277 көрермен;

OLIMPBET QFL Қазақстан Кубогы (алдын ала кезең және 1/8 финал) – 20 538 көрермен;

1XBET QFL Бірінші лигасы (1-3 тур) – 18 247 көрермен;

QFL Екінші лигасы (1-2 тур) – 6 805 көрермен.

 

Qazaqstan Football League отандық футбол клубтарына қолдау көрсетіп жүрген барша жанкүйерлерге алғысын білдіреді! Біз сіздерді QFL турнирлерінің алдағы ойындарында асыға күтеміз!