KZ
KZ RU
18 ақпан 2020 19:59
OLIMPBET СУПЕРКУБОК

Суперкубок ойынының билеттері сатылымға шықты

18 ақпан 2020 19:59

2020 жылғы Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін елордалық «Астана» мен қызылордалық «Қайсар» арасындағы ойындардың билеттері сатыла бастады.

 
Билеттерді Қостанай қаласының Орталық стадионының әкімшілік ғимаратынан сатып алуға болады. Кассалардың жұмыс тәртібі - жұмыс күндері: 10:00 - 19:00, демалыс күндері: 10:00 - 17:00; Үзіліс - 13:00 -14:00; Билеттердің құны - 500 теңге. 
 
«Астана» мен «Қайсар» арасындағы ойын 29 ақпан күні «Тобыл Арена» манежінде өтеді. Ойын елорда уақытымен 17:00-де басталады.