KZ
KZ RU
02 наурыз 2022 15:49
OLIMPBET СУПЕРКУБОК

OLIMPBET-Суперкубок үшін ойынның тікелей көрсетілімі

02 наурыз 2022 15:49

Сіздердің назарларыңызға 2022 жылғы Қазақстан Республикасының OLIMPBET-Суперкубогы үшін ойынның тікелей көрсетілімі туралы ақпаратты ұсынамыз.

 
Отандық футбол жанкүйерлері қостанайлық «Тобыл» мен алматылық «Қайрат» арасындағы OLIMPBET-Суперкубок үшін ойынды «Qazsport» республикалық телеарнасының тікелей эфирінде көре алады. ЕАЭО елдерінің азаматтары үшін ҚКФЛ-ТВ YouTube-каналында трансляция қолжетімді болады.
 
ЕАЭО құрамына кірмейтін елдердің көрермендері ойынды www.elevensports.com сайттында көре алады. 
 
Естеріңізге сала кетейік, OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогы үшін «Тобыл» мен «Қайрат» арасындағы ойын бүгін, 2 наурызда, «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу елорда уақытымен 19:30 басталады. Стадионға кіру тегін.