KZ
KZ RU
02 наурыз 2019 11:57
OLIMPBET СУПЕРКУБОК

«Хабар» телеарнасы Суперкубок ойынын тікелей эфирде көрсетеді

02 наурыз 2019 11:57

3 наурыз күні Алматы қаласының Орталық стадионында ел чемпионы «Астана» мен кубок иегері «Қайрат» суперкубок үшін тартысқа түседі.

Маусымашар ойынды «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын елорда уақытымен 15:00-де басталады. 

Шетелдік көрермендер үшін кездесуді ПФЛК-ТВ онлайн режимде көрсетеді. Қазақстан аумағында онлайн-көрсетілімге шектеу қойылған. Отандық футбол жанкүйерлері интернет арқылы тек «Хабар» телеарнасының ресми сайтынан ғана көре алады.