KZ
KZ RU
23 сәуір 2024 11:45
ЕКІНШІ ЛИГА

Кезекті тур: Павлодардағы басты матч

23 сәуір 2024 11:45

23-24 сәуір күндері QFL Екінші лигасының 3-ші туры аясында «Солтүстік-Шығыс» конференциясында ең тартысты матч «Ақсу» мен «Шахтер Ж» арасында өтсе, «Оңтүстік-Батыс» аймағында «Оңтүстік» - «Мақтарал» клубтары шеберлік байқасады.

 

«Солтүстік-Шығыс» конференциясы

23 сәуір

 

«Жетісу Ж» - «Алтай Ж»

Уақыты: 12:00

Тікелей көрсетілім: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадион (Балпық би, Жетісу облысы)

Төрешілер: Әлібеков Нұрсұлтан (Павлодар), Субботин Максим, Коновалов Николай (екеуі де Талдықорған)

Қосалқы төреші: Дышкант Николай (Талдықорған)

Инспектор: Тамарбердиев Джурумбет (Алматы)

Талдықорғанның түлектері 2 турда өз қақпаларына 45 соққы жасауға мүмкіндік берді. «Ақсуға» қарсы қорғанысы шыдағанымен, Қостанайда ұпай жоғалтты. Дебютант «Алтай Ж» командасының шабысы әзірше жақсы. Мүмкіндіктері шамалас.

 

«Қызылжар Ж» - SD Family Ж

Уақыты: 12:00

Тікелей көрсетілім: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Қарасай» стадионы (Петропавл)

Төрешілер: Қазбеков Әнуар (Қостанай), Тұрғынбеков Райымбек, Герасимова Оксана (екеуі де Петропавл)

Қосалқы төреші: Мақатов Талғат (Петропавл)

Инспектор: Вишниченко Анатолий (Қостанай)

Өткен турда су тасқыны салдарына байланысты кездесу өткізбеген «Қызылжар Ж» басты сенсация авторларына қарсы доп тебеді. Астаналық өрендер кезекті рет қарсыластарын таңғалдыра ала ма екен?

 

«Оқжетпес Ж» - «Тобыл Ж»

Уақыты: 17:00

Тікелей көрсетілім: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Оқжетпес» стадионы (Көкшетау)

Төрешілер: Волков Артем (Павлодар), Сысоев Антон, Бүркітбаев Асман (екеуі де Көкшетау)

Қосалқы төреші: Ерден Әлихан (Көкшетау)

Инспектор: Горда Александр (Көкшетау)

Өз алаңында қарқынды шабуылдап, 3 ұпай алған «Тобыл» кезекті аутсайдермен ойнайды. Осы жолы да олар жеңіске жетуі тиіс.

 

«Ақсу» - «Шахтер Ж»      

Уақыты: 17:00

Тікелей көрсетілім: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Орталық стадион (Павлодар)

Төрешілер: Полянский Данил (Көкшетау), Белоградов Дмитрий, Ходотчук Андрей (екеуі де Павлодар)

Қосалқы төреші: Ермолаев Евгений (Павлодар)

Инспектор: Журавлев Семен (Павлодар)

«Солтүстік-Шығыс» конференциясы аясындағы ең тартысты матч. Бірінші турда кездейсоқ ұпай жоғалтқаны болмаса, Павлодар облысының ұжымы Ertis, «Шахтер Ж» командаларымен жолдаманы сарапқа салуы тиіс. Қарағанды облысының клубы ең көп 10 гол соғып үлгерді. OLIMPBET QFL Премьер-лигада «Жетісуге» қарсы 32 минут өткізген Шыңғыс Флюк азулы «Ақсудың» қақпасынан саңылау таба алар ма екен?

 

24 сәуір

 

«Астана Ж» - «Елімай Ж»

Уақыты: 12:00

Тікелей көрсетілім: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Sydykbek Arena (Астана)

Төрешілер: Бурдейный Андрей (Қарағанды), Әлімов Нұрсұлтан, Жарасов Ақжол (екеуі де Астана)

Қосалқы төреші: Гариев Эмиль (Астана)

Инспектор: Түсеев Бағдат (Астана)

Астана жастары Петропавлдағы төтенше жағдай режиміне байланысты 2 тур аясындағы ойыны кейінге қалған болатын. Қос команда да бір реттен тең түскен. Әзірше жеңістері жоқ. Сондай-ақ, «Елімай Ж» екінші рет Астана қаласының клубымен жолығатын болады.

 

«Жеңіс Ж» - Ertis

Уақыты: 15:30

Тікелей көрсетілім: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Sydykbek Arena (Астана)

Төрешілер: Пучков Станислав (Петропавл), Хамзин Дархан, Ташметов Фарходжон (екеуі де Астана)

Қосалқы төреші: Ескенов Нұрсұлтан (Астана)

Инспектор: Түсеев Бағдат (Астана)

«Солтүстік-Шығыс» конференциясының басты фавориті – Ertis өткен турда сенсациялық жеңіске ұшыраған еді. Осы жолы олар тағы да жеңіліске ұшыраған Астана қаласының маңындағы Sydykbek Arena-ға келеді. «Жеңіс Ж» әзірше өз үйі мен сырт алаңда ойындарын таба алмай, 2 кездесуде ұпай сыйлады.

 

«Оңтүстік-Батыс» Конференциясы

23 сәуір

 

«Ордабасы Ж» - KazAST

Уақыты: 14:30

Тікелей көрсетілім: QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «БИІК» спорт кешені (Шымкент)

Төрешілер: Әбдікеров Марал (Қызылорда), Алмасқызы Мәдина, Ыдырысова Динара (екеуі де Шымкент)

Қосалқы төреші: Таймухамедов Бекзод (Шымкент)

Инспектор: Ордабаев Құрманбек (Түркістан обл.)

Шымкенттік ұжым 3-ші рет қатарынан оңтүстіктің астанасы командасымен кездеседі. Нәтижесі: 1 тең, 1 жеңіліс. Енді өз алаңында жеңіске жету ғана қалды. Спорт және туризм академиясының еншісінде 1 жеңіс, 1 жеңіліс бар. Бұл клубтың өз алаңында жеңіске жетуге мүмкіндігі де болған еді. Бірақ қақпашының қателігі мен екінші таймдағы сүреңсіздік 3 ұпайдан айырылуға себеп болды.

 

«Оңтүстік» - «Мақтаарал»

Уақыты: 14:30

Тікелей көрсетілім: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Қажымұқан атындағы орталық стадион (Шымкент)

Төрешілер: Нұрдинов Рамазан (Тараз), Ташметов Сардар, Сәрсен Нұрлан (екеуі де Шымкент)

Қосалқы төреші: Халилов Мурадбек (Шымкент)

Инспектор: Оспанов Серғали (Шымкент)

Оңтүстіктегі қос мықтыдан шиеленісті ойын күтеміз. «Мақтаарал» өз мүмкіндігін қолдана білетіндігіне куә болсақ, «Оңтүстік» 2 құраммен де жақсы доп тебетіндігін көрдік.

 

24 сәуір

 

«Талас» - «Қайсар-Шиелі»

Уақыты: 12:00

Тікелей көрсетілім: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Орталық стадион» (Қаратау, Жамбыл облысы)

Төрешілер: Мұсалы Сейтмағзум (Түркістан обл.), Сайлауов Асыл, Қарасай Нұрбек (екеуі де Тараз)

Қосалқы төреші: Құрбанов Әбдіқадыр (Тараз)

Инспектор: Абданбаев Асхат (Тараз)

Дебютанттардың ойыны. «Талас» жастары қолдан келгенше шабуылдаса да, әзірше гол соға алмай келеді. Керісінше қызылордалықтар фаворит «Оңтүстікпен» тең түсіп, екінші таймда KazAST-тан жеңісті жұлып алды. Бұл клуб өз сәтін күте біледі.

 

«Тұран Ж» - «Тараз Ж»

Уақыты: 14:30

Тікелей көрсетілім: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Октябрь Жарылғапов атындағы стадион (Түркістан)

Төрешілер: Таймухамедов Бекзод (Шымкент), Әліқұлов Ержан, Жарылқасым Нұрислам (екеуі де Түркістан обл.)

Қосалқы төреші: Халилов Мурадбек (Шымкент)

Инспектор: Бақберген Исағали (Шымкент)

Екінші турда Тараз клубының жастары көңілге жақсы әсер қалдырды. Әр шабуылдары жүйелі, нәтиже бар. Түркістан өрендері өткен кездесудің алғашқы 25 минутында тәп-тәуір доп тепкенімен, 1 футболшының алаңнан қуылуы ойын тағдырын шешіп тастады.

 

AKAS – «Іле-Алатау»

Уақыты: 17:00

Тікелей көрсетілім: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Жас Қыран» стадионы (Алматы)

Төрешілер: Сержанұлы Біржан (Алматы), Оразбеков Айдос, Жанпейіс Ермек (екеуі де Алматы)

Қосалқы төреші: Рашидинов Рифат (Алматы)

Инспектор: Гриджан Юрий (Алматы)

Қос команда әзірше жеңілістің ащы дәмін татпады. Бірақ AKAS соңғы минутта жеңісті жұлып алса, «Іле-Алатау» 2 рет тең ойнады. Құрамы жағынан AKAS фаворит.

 

Айта кетейік, осы турдағы «Атырау Ж» - «Жас Қыран» ойыны Атырау қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режиміне байланысты кейінге шегерілді.