KZ
KZ RU
24 сәуір 2024 14:37
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

4-ші тур: Жаңаөзендегі сынақ

24 сәуір 2024 14:37

25-26 сәуір күндері 1XBET QFL Бірінші лигасы аясындағы IV турында 7 ойынға куә боламыз.

 

25 сәуір

 

«Түркістан» - «Қайсар Жас»

Уақыты: 14:00

Тікелей көрсетілім: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Октябрь Жарылғапов атындағы стадион (Түркістан)

Төрешілер: Ыдырысов Сағадат (Ақтау), Ташметов Сардар (Шымкент), Дышкант Дмитрий (Талдықорған)

Қосалқы төреші: Жарылқасынов Самат (Шымкент)

Инспектор: Қошқаров Серік (Тараз)

Командалар өзара алғаш рет ойнайды. Дәл қазіргі сәтте «Түркістан» клубы 2 жеңіс, 1 тең нәтижемен көшбасшылар қатарында келеді. Ал «Қайсар Жас» өз алаңында қақпашы Нұрмат Сәрсеновтың шеберлігі арқасында тең есепті сақтап қалған болатын. Шетелдік маман баптайтын «Түркістанның» жеңіске жету мүмкіндігі жоғары болғанымен, олардың қарымта шабуылда ғана жақсы ойнайтынын көрдік. Кезекті ойында олар өз үстемдігін байқата алар ма екен?

 

«Екібастұз» - «Ақтөбе Ж»

Уақыты: 14:00

Тікелей көрсетілім: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Екібастұз қ.)

Төрешілер: Попов Сергей (Астана), Русяев Алексей (Қарағанды), Вахитов Ернар (Қостанай)

Қосалқы төреші: Будниченко Дмитрий (Екібастұз)

Инспектор: Пасько Сергей (Алматы)

1XBET QFL Бірінші лиганың фавориттері өткен турда Қызылорда стадионында ұпай жоғалтқан болатын. Осы жолы олар әзірше жеңіске жете алмай келе жатқан «Ақтөбе» жастарын қабылдайды. Шабуылда жақсы ұйымдастыратын «Екібастұз» ең көп гол жіберетін ақтөбеліктерге қарсы 3 ұпай еншілеуі мүмкін.

 

«Каспий» - «Ұлытау»

Уақыты: 16:00

Тікелей көрсетілім: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Әмин Тұяқов атындағы стадион (Жаңаөзен қ.)

Төрешілер: Сұлтанғалиев Руслан (Атырау), Сәрсенбаев Нұрлан (Атырау), Құсайынов Исламхан (Атырау)

Қосалқы төреші: Назар Амандық (Ақтау)

Инспектор: Сереков Асқар (Қызылорда)

Командалар бірінші рет кездеседі. Әзірше «Каспий» ойын бойынша, гол соғу көрсеткішімен де көшбасшы екендіктерін дәлелдеп келеді. Бірақ олар өздерінен шеберлік деңгейі төмен ұжымдарды жеңген болатын. Осы жолы Екінші лигадан көтерілген, мықты футболшыларды жинақтаған «Ұлытаумен» жолығады. Ұлытау облысының командасы 2 мәрте қатарынан ащы жеңіліске ұшырағаннан кейін, енді кем дегенде тең есеп үшін барын салатын болады.

 

«Хан-Тәңірі» - «Қайрат-Жастар»

Уақыты: 16:00

Тікелей көрсетілім: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Хан Тәңірі» стадионы (Алматы)

Төрешілер: Ахметов Алмаз, Жолдас Бақытжан, Арынханов Нұрдәулет (барлығы Алматы)

Қосалқы төреші: Сержанұлы Біржан (Алматы)

Инспектор: Уфимцев Сергей (Алматы)

Қорғанысы ең мығым команда мен ең көп шабуылдайтын клубтардың теке-тіресі өте тартысқа толы болады деп күтеміз. «Хан-Тәңірі» осы уақытқа дейін қарсылас қақпасына 5 мәрте ған тура соққы бағыттаса, «Қайрат-Жастар» тура 17 соққы жұмсап, 4 гол соғып үлгерді.

 

26 сәуір

 

«Оқжетпес» - SD Family

Уақыты: 14:00

Тікелей көрсетілім: Q League мен Q Football телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Оқжетпес» стадионы (Көкшетау)

Төрешілер: Никлевич Владимир, Мақатов Талғат, Тұрғынбеков Райымбек (барлығы Петропавл)

Қосалқы төреші: Сысоев Антон (Көкшетау)

Инспектор: Хуснутдинов Рашит (Орал)

Ұзақ уақыттан кейінгі үзілістен кейін өз стадионында ойнауға рұқсат алған «Оқжетпес» 3-ші турда ең көп 4 600 жанкүйерді жинаған еді. Алайда олар «Хан-Тәңіріне» гол соға алмады. Осы жолы қалай да болсын, жеңіске жетуге тырысады. Оның үстіне SD Family толық қорғаныста жатып алатын ұжымдардың қатарынан саналмайды.

 

«Тараз» - «Алтай»

Уақыты: 16:00

Тікелей көрсетілім: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Орталық стадион (Тараз)

Төрешілер: Аманкельдин Бекарыс (Орал), Оразбеков Айдос (Алматы), Хамзин Дархан (Астана)

Қосалқы төреші: Жүсіпов Амангелді (Тараз)

Инспектор: Оспанов Серғали (Шымкент)

Шеберлік деңгейі жоғары болғанымен, 2 рет жеңіліске ұшыраған «Тараз» өз алаңында дебютант «Алтайды» қабылдайды. Бұл команда әлі де тұрақтала алмай келеді. Шығыс Қазақстан облысының командасы әзірше гол соға алмай келе жатқан жалғыз клуб. Осы орайда Сергей Хижниченко бастаған «Алтай» клубы «Тараздың» екінші нөмірлі қақпасына гол соғып кетуі мүмкін.

 

«Қыран» - «Жетісай»

Уақыты: 16:00

Тікелей көрсетілім: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «БИІК» спорт кешені (Шымкент)

Төрешілер: Сейдахметов Жаксылық (Талдықорған), Үсенбаев Нұрхат (Түркістан обл.), Нұрлан Әділет (Қаратау)

Қосалқы төреші: Халилов Мурадбек (Шымкент)

Инспектор: Көпжасар Бейбіт (Қызылорда)

Турдың соңғы ойыны өте тартысты болуы мүмкін. Қос команда да шабуылға басымдық береді. Әрі клубтар сапында шеберліктері жоғары бірнеше ойыншы бар. «Жетісай» кезекті рет қарсыласын таңғалдыра ала ма екен?

 

Айта кетейік, «Ақжайық» - «Арыс» арасындағы кездесу Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай режиміне байланысты кейінге шегерілді. Ойындарды Q Arena, Q Football, Q League телеарналары мен QFL.KZ сайтынан тікелей эфирде көре аласыз.