4-ші тур: SD Family жастарының кезекті сенсацияға шамасы жете ме?
30 сәуір - 1 мамыр күндері QFL Екінші лигасының 4-ші туры аясында «Солтүстік-Шығыс» конференциясында ең тартысты матч «Шахтер Ж» мен SD Family Ж арасында өтсе, «Оңтүстік-Батыс» аймағында «Мақтаарал» клубы өз алаңында «Тараз Ж» командасын қабылдайды.
«Оңтүстік-Батыс» Конференциясы
30 сәуір
«Қайсар-Шиелі» - AKAS
Уақыты: 14:30
Тікелей көрсетілім: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты
Стадион: Орталық стадион (Шиелі)
Төрешілер: Назар Амандык (Ақтау), Жалғас Кенжебек, Тәңірбергенұлы Нұрсат (екеуі де Қызылорда)
Қосалқы төреші: Тілеуов Ерәділ (Қызылорда)
Инспектор: Сереков Асқар (Қызылорда)
Екінші лигада жеңіліссіз келе жатқан дебютант «Қайсар-Шиелі» өз алаңында күтпеген жерден есе жіберген AKAS ұжымын қабылдайды. Ұлттық құраманың экс-ойыншысы Сергей Гридин доп тебетін алматылықтар 1ХВЕТ QFL Бірінші лигаға шығуға басты үміткерлердің бірі. Мақсатқа жету үшін, ұпай жоғалта бермеуі керек. Бірақ бірінші турда «Қайсар-Шиелі» OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының 1/8 финалына шыққан «Оңтүстікпен» ұпай бөліскен еді. Сондықтан қос ұжымға да кездесу оңайға соқпайды.
«Ордабасы Ж» - «Талас»
Уақыты: 14:30
Тікелей эфир: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты
Өтетін жері: «БИІК» спорт кешені (Шымкент)
Төрешілер: Оңғарбаев Рустам (Ақтөбе), Сәрсен Нұрлан, Нарбек Эльвира (екеуі де Шымкент)
Қосалқы төреші: Таймухамедов Бекзод (Шымкент)
Инспектор: Ордабаев Құрманбек (Түркістан обл.)
Екінші лигада бірінші голын соғу үшін, 36 соққы жұмсаған «Таласқа» психологиялық тұрғыдан оңай болуы керек. 2 рет тең түсіп, 1 мәрте есе жіберді. Енді Шымкентте 3 ұпай алуға ұмтылады. Дегенмен, алаң иелері шабуылға ұмтылатын «Таластың» қателігін пайдалана ала ма екен?
«Жас Қыран» - «Оңтүстік»
Уақыты: 17:00
Тікелей эфир: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты
Стадион: «Жас Қыран» (Алматы)
Төрешілер: Дышкант Николай (Талдықорған), Машашәріп Бекзат, Жанпейіс Ермек (екеуі де Алматы)
Қосалқы төреші: Әлиев Біләл (Алматы)
Инспектор: Жаспенов Нұрлан (Алматы)
Қос клубтың бір ұқсастығы – соңғы ойындарында жеңіс үшін барын салып, 92-ші минутта гол жіберіп алды. Міне, енді ащы жеңілістің дәмін татқан ұжымдар өзара кездеседі. 2023 жылы Бірінші лига аясында өткен 2 ойында 15 гол соғылып, өзара жеңіспен алмасқан.
«Іле-Алатау» - «Тұран Ж»
Уақыты: 17:00
Тікелей көрсетілім: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты
Стадион: Football land (Алматы)
Төрешілер: Рашидинов Рифат (Алматы), Малинка Эдуард, Аманбай Сұлтанәлі (екеуі де Алматы обл.)
Қосалқы төреші: Карпов Игорь (Алматы)
Инспектор: Қошқаров Серік (Тараз)
2 матчта 12 гол жіберіп, ұпай үлестіріп келе жатқан «Тұран-Ж» командасы сырт алаңда кезекті мықты «Іле-Алатаумен» доп тебеді. Түркістандықтар ірі жеңілістен қаншалықты сабақ шығарды екен?
1 мамыр
KazAST – «Атырау Ж»
Уақыты: 12:00
Тікелей көрсетілім: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты
Стадион: Football land (Алматы)
Төрешілер: Шишин Никита (Қарағанды), Маханбек Айбар, Юрин Михаил (екеуі де Алматы)
Қосалқы төреші: Сержанұлы Біржан (Алматы)
Инспектор: Гриджан Юрий (Алматы)
«Атырау Ж» командасы лигадағы екінші ойындарын енді өткізеді. Олар «Мақтаaралдан» есе жібергенімен, ойын тұрғысынан қарсыластан кем түспеді. Сондықтан да олар ұпайы көп KazAST-тан қарағанда фаворит. Ал жеңіс әлде жеңіліс бұл Қазақ спорт және туризм академиясының командасы үшін сабақ болады.
«Мақтаарал» - «Тараз Ж»
Уақыты: 17:00
Тікелей көрсетілім: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты
Стадион: Алпамыс батыр (Атакент)
Төрешілер: Халилов Мурадбек (Шымкент), Әліқұлов Ержан, Үсенбаев Нұрхат (екеуі де Түркістан обл.)
Қосалқы төреші: Ташметов Сардар (Шымкент)
Инспектор: Шерменов Ахмет (Түркістан обл.)
Осы турдағы көрермендер асыға күтетін ойын. Себебі, командалар 1-2 орында келе жатыр. Екіншіден, әлі өз қақпаларына гол жібермеді. Ойын тұрғысынан «Тараз Ж» жанкүйерлердің көңілінен шығып жатыр. Енді олардың шамасы «Мақтаралға» қаншалықты жетеді екен?
«Солтүстік-Шығыс» конференциясы
30 сәуір
«Астана Ж» - «Жеңіс Жас»
Уақыты: 12:00
Тікелей көрсетілім: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты
Өтетін жері: Sydykbek Arena (Астана)
Төрешілер: Гариев Эмиль, Әбдікәрімов Азат, Базарбай Аян (барлығы Астана)
Қосалқы төреші: Попов Сергей (Астана)
Инспектор: Түсеев Бағдат (Астана)
Қос команда да өз үйіндегі мачтарын Sydykbek Arena-да қабылдайды. Сол себепті ұжымдар алысқа бармайды. Барлық көрсеткіш жағынан «Астана Ж» фаворит. Бәлкім «Жеңіс Жас» командасы да алғашқы ұпайын алуға барын салар.
«Алтай Ж» - «Ақсу»
Уақыты: 12:00
Тікелей эфир: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты
Стадион: «Восток» (Өскемен)
Төрешілер: Вишняков Дмитрий (Семей), Мейірбаев Асылан, Проскуряков Илья (екеуі де Өскемен)
Қосалқы төреші: Молтусинов Антон (Өскемен)
Инспектор: Салий Павел (Өскемен)
Қос команда да өткен турда жеңіліске ұшырады. Алайда пас беру көрсеткіші жағынан (79%) «Ақсу» ТОП-5 ұжымның қатарына кіреді. Ойынды бақылай алады, гол соға алады. Бірінші рет кездескенімен, тәжірибе жағынан павлодарлықтардың бәсі жоғары.
1 мамыр
«Елімай Ж» - «Оқжетпес Ж»
Уақыты: 12:00
Тікелей көрсетілім: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты
Стадион: «Спартак» (Семей)
Төрешілер: Молтусинов Антон (Өскемен), Якбаров Ринат, Серікболов Данияр (екеуі де Семей)
Қосалқы төреші: Вишняков Дмитрий (Семей)
Инспектор: Попов Евгений (Өскемен)
Абай облысының клубы үшін бірінші жеңісін тіркеуге өте жақсы мүмкіндік. Дегенмен, былтырғы ойындарда «Оқжетпес Ж» командасының мерейі үстем болған. Дегенмен, 1 мәрте ғана тура соққы жасаған көкшетаулықтардан үміт күту қиын.
«Ертіс» – «Жетісу Ж»
Уақыты: 14:30
Тікелей эфир: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты
Өтетін жері: Орталық стадион (Павлодар)
Төрешілер: Сорокопудова Татьяна (Қарағанды), Кольев Евгений, Ходотчук Андрей (екеуі де Павлодар)
Қосалқы төреші: Долгих Алексей (Павлодар)
Инспектор: Текиев Вадим (Павлодар)
Турнир кестесінде 2-3 орында тұрғанымен, деңгейілерінде үлкен айырмашылық бар. «Жетісу» 3 тур қорытындысы бойынша өз қақпасына 54 соққы өткізіп, 4 гол жіберді. Ең аз соққы жұмсап, мүмкіндіктерін жақсы пайдаланады. Ал «Ертіс» керісінше 3 турда 83 соққы бағыттап, қарсыластарын ірі есеппен жеңеді. Тек SD Family Ж-ға күтпеген жерден жол берді. Қонақтардың қақпасы қаншалықты шыдайды?
«Тобыл Ж» - «Қызылжар Ж»
Уақыты: 20:00
Тікелей эфир: QFL.KZ сайты
Стадион: «Тобыл Арена» (Қостанай)
Төрешілер: Ерден Әлихан (Көкшетау), Лютинец Елена, Курнявка Вадим (екеуі де Қостанай)
Қосалқы төреші: Қазбеков Әнуар (Қостанай)
Инспектор: Павленко Александр (Қостанай)
Екі турда қатарынан жеңіске жеткен қостанайлықтар өз алаңында «Қызылжар Ж» командасын қабылдайды. Бұған дейін олар өзара 4 матч өткізіп, «Тобыл Ж» 3 рет жеңіп, 1 мәрте тең түскен. Қағаз жүзінде алаң иелері фаворит.
«Шахтер Ж» - SD Family Ж
Уақыты: 17:00
Тікелей эфир: Q Football телеарнаcы және QFL.KZ сайты
Стадион: «Шахтёр» орталық стадионы (Қарағанды)
Төрешілер: Шелег Станислав (Қостанай), Қабдыш Жасұлан (Саран), Әлібеков Нұржан (Қарағанды)
Қосалқы төреші: Бурдейный Андрей (Қарағанды)
Инспектор: Бородин Сергей (Қарағанды)
Тоғыз мәрте қанжығасын майлаған Шыңғыс Флюктің кезекті құрбаны – әлі есе жібермеген SD Family Ж болама екен? Әлде астаналықтар кезекті рет қарсыласын жеңіп кете ме? Барлығы Қарағанды төрінде шешіледі.