KZ
KZ RU
24 сәуір 2024 17:10
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының 2-ші турында «Қыран» клубына техникалық жеңіліс берілді

24 сәуір 2024 17:10
1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының 2-ші туры аясында өтуге тиіс болған «Екібастұз» - «Қыран» матчында «Қыран» футбол клубының келмеуіне байланысты шымкенттік командаға 0:3 есебімен техникалық жеңіліс берілді. Бұндай шешім 2024 жылдың 22 сәуірінде өткізілген Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысында қабылданды. Сонымен қатар «Қыран» командасы «Екібастұз» футбол клубына ойынды ұйымдастыруға кеткен шығынын өтеп беруге тиіс.

Айта кетейік, аталмыш кездесу 2024 жылдың 11 сәуірінде Екібастұз қаласындағы «Шахтер» стадионында өтуі тиіс еді.