KZ
KZ RU
23 ақпан 2024 20:05
OLIMPBET СУПЕРКУБОК

17-ші Суперкубок ойыны: маусымның басында кім мықты атанады?

23 ақпан 2024 20:05
25 ақпан күні Анталияда (Түркия) 2024 жылғы футболдан OLIMPBET - Қазақстан Суперкубогы үшін ойын өтеді. Беделді жүлде үшін кездесу Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де «Титаник Мардан» стадионында басталады. Турнир жеңімпазы 25 миллион теңге, ал жеңілген клуб 15 миллион теңге иеленеді.
 
Биылғы Суперкубок ойынын тарихи десе де болады. Өйткені 30 жылдай бұрын «Елімай» мен «Восток» клубтары арасындағы алғашқы бәсеке артынша халықаралық сипатқа ие болатынын ешкім елестете алмады. Алайда, мұндай ойындарды әлемдегі ең мықты лигалар тәжірибе жүзінде өткізіп келеді. 
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы үздік әлемдік тәжірибені қабылдап қана қоймай, клубтардың да мүдделерін ескереді.«Ордабасы» және «Тобыл» командалары жыл басынан бері Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп келеді және жаттықтырушылар кеңесі үшін маусым қарсаңында футболшылардың оңтайлы формасын сақтауы маңызды. Сонымен қатар, қос клуб бірнеше күн бұрын маусым алдындағы алғашқы тарихи турнирде кездесіп, шымкенттік ұжым басым түскен еді. 
 
«Ордабасы» мен «Тобыл» арасындағы ойындар бойынша қызықты деректер:
 
- «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының қазіргі чемпионы, ал «Тобыл» Қазақстан Кубогының иегері;
 
- Командалар өзара 64 ресми ойын өткізіп, «Тобыл» 32 мәрте жеңіске жетсе, «Ордабасы» тек 17 рет жеңген;
 
- «Ордабасы» бір рет қана Суперкубокты жеңіп алды (2012 жыл), ал «Тобыл» бұл кубокты 2021 және 2022 жылдары иеленді;
 
- Екі клуб та ең ірі жеңісіне 4:0 есебімен жеткен. Ал ең нәтижелі тең ойын 3:3 есебімен аяқталды; 
 
- «Ордабасы» Суперкубокта екі рет (2012 және 2023 жылдар) ойнаса, «Тобыл» кубок үшін 4 рет (2008, 2011, 2022 және 2023 жылдар) таласқан;
 
- Қос клуб өзара Қазақстан кубогының финалында үш мәрте кездесіп, (2007, 2011 және 2023 жылдар), қостанайлықтар 2 рет жеңісті тойлады;
 
Еліміздегі мықты клубтардың ойынын «Qazsport» республикалық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойынның негізгі сәттері мен голдардың үзіндісі біздің Telegram арнамызда қолжетімді болады. OLIMPBET - Қазақстан Суперкубогын жіберіп алмаңыз және сүйікті командаңызды қолдаңыз!