KZ
KZ RU
18 қыркүйек 2023 15:25
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

Ринат Алюетов - UBET-Бірінші Лиганың тамыз айындағы үздік бапкері

18 қыркүйек 2023 15:25

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылдың тамыз айындағы UBET-Бірінші Лига клубтары арасындағы Біріншіліктің үздік бапкерін анықтау үшін лига командаларының бапкерлері арасында сауалнама өткізді.

14 бапкердің 9 өз дауыстарын «Жеңістің» бас бапкері Ринат Алюетовке берді. Тамыз айында елордалық клуб төртойында 8 ұпай жинады.

Екінші орында жарыстың көшбасшысы «Елімай» командасының бапкері Владимир Никитенко. Ол үшін үш дауыс берілді. Аталмыш команда тамыз айында 4 ойынның 4 жеңіске жетті.

Сонымен қатар, сауалнама қорытындысы бойынша Эдуард Глазунов («Жас Қыран»), Сапар Қарынбаев («Астана Ж») және Нұрмат Мырзабаев («Тараз») бір дауыстан жинады.

Кім кімге дауыс берді: