KZ
KZ RU
15 наурыз 2024 12:40

QFL.KZ сайтында жаңа интерактивті қызмет іске қосылды

15 наурыз 2024 12:40
Енді біздің сайтта ойындарды қайталап көрумен қатар Премьер-лига матчтарының қызықты сәттерін де өз таңдауыңыз бойынша көре аласыз. Олар: голдар, соққылар, айып добы, ойыншылар және т.б. Барлық мүмкіндікті тек жоғары сапада тамашалаңыз! Айта кетейік, тіпті әлемнің үздік лигаларында бұндай қызмет түрі әзірше қамтылмаған. 

Сондай-ақ, біздің жаңа сайтта интернет қолданушылардың үлесі белсенді түрде артып келеді. Соңғы 2 аптада сайтқа кіргендердің үлесі 107 мыңды құраса, қаралымдардың көрсеткіші 277 мың болды. Салыстырмалы түрде бұл былтырғы дәл осы уақыттағы көрсеткіштен қарағанда 4 есе және қаралымдар 2,5 есе жоғары. 

Біздің сайтымызда қолжетімді мүмкіндіктер: 

— QFL турнирлерінің барлық матчтарын HD сапада және кәсіби комментатормен бірге тамашалай аласыз. 

— Ойын орталығында барлық кездесулердің негізгі құрамы, тактикалық схемасы, live статистикасы қамтылған. 

— QFL-дың әр клубы жайлы кеңейтілген ақпарат және жекелеген футболшылардың өзекті статистикасы бар. 

— Сараптамалық мақалалар, жаңалықтар және әр ойынға бейнешолу. 

Тек бұл ғана емес! Біз жақын арада сайтта Fantasy Football мен біршама жаңа дүниелерді енгіземіз.  Qazaqstan Football League-мен бірге болыңыз!