KZ
KZ RU
16 сәуір 2024 08:42
ЕКІНШІ ЛИГА

QFL Екінші лигасының 2-ші туры: дебютанттардың айқасы

16 сәуір 2024 08:42

16-17 сәуір күндері QFL Екінші лигасының 2-ші туры ойындары өтеді.


Оңтүстік-Батыс конференциясы


16 сәуір


«Тараз Ж» - «Талас»

Уақыты: 12:00

Тікелей көрсетілім: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Стадион: «Жастар» (Тараз)

Төрешілер: Құрбанов Әбдіқадыр (Тараз), Мыңбаев Әлішер (Қаратау), Осипов Михаил (Тараз)

Қосалқы төреші: Нұрдинов Рамазан (Тараз)

Инспектор: Абданбаев Асхат (Тараз)

Жамбыл облысының қос командасы өзара жолығады. «Тараз» жастары үшін бұл Екінші лигадағы алғашқы ойын. Ал «Талас» бір ойын өткізсе де, гол соға алмады.


«Іле-Алатау» - «Ордабасы Ж»

Уақыты: 12:00

Тікелей көрсетілім: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: Football land (Алматы)

Төрешілер: Сейдахметов Жақсылық (Талдықорған), Аманбай Сұлтанәлі, Малинка Эдуард (екеуі де Алматы обл.)

Қосалқы төреші: Арынханов Нұрдәулет (Алматы)

Инспектор: Жаспенов Нұрлан (Алматы)

Алматы облысының командасы бірінші ойында қақпашының шеберлігі арқасында тең түсіп еді. Осы жолы шабуыл шебінде де осал еместігін көрсетуге тиіс.


«Мақтаарал» - «Атырау Ж»

Уақыты: 14:30

Тікелей көрсетілім: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: Алпамыс батыр (Атакент)

Төрешілер: Жұмашев Нұржан (Қызылорда), Әліқұлов Ержан (Алматы обл.), Алмасқызы Мәдина (Шымкент)

Қосалқы төреші: Жарылқасым Нұрислам (Түркістан обл.)

Инспектор: Ибрагимов Құрбан (Шымкент)

Атырау облысының командасы үшін алғашқы ойын. Ал «Мақтаарал» бірінші турда бірнеше оңтайлы мүмкіндіктерін қолдана алмай, 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын.


«Жас Қыран» - АКАS

Уақыты: 17:00

Тікелей көрсетілім: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: «Жас Қыран» (Алматы)

Төрешілер: Рашидинов Рифат, Жолдас Бақытжан, Махамбет Айбар (барлығы Алматы)

Қосалқы төреші: Сәрсенбаев Нұрлан (Алматы)

Инспектор: Тамарбердиев Джурумбет (Алматы обл.)

1 жыл бұрын Қазақстан кубогында кездесіп, «Жас Қыран» 3:0 есебімен айқын ұтқан болатын. Осы уақыт аралығында AKAS та біршама күшейді. Дегенмен, Бірінші лигадан келген ұжым - фаворит.


17 сәуір


«Оңтүстік» - «Тұран Ж»

Уақыты: 12:00

Тікелей көрсетілім: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Стадион: «БИІК» спорт кешені (Шымкент)

Төрешілер: Халилов Мурадбек, Ыдырысова Динара, Мұстафа Арнат (барлығы Шымкент)

Қосалқы төреші: Арыстанбай Шыңғысхан (Шымкент)

Инспектор: Ордабаев Құрманбек (Түркістан обл.)

Қағаз жүзінде «Оңтүстік» фаворит. Дегенмен, бұл команда OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы аясында ойнаған болатын. Барлығы футболшылардың физикалық жай-күйіне байланысты болмақ.


KazАSТ - «Қайсар-Шиелі»

Уақыты: 14:30

Тікелей көрсетілім: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: Football land (Алматы)

Төрешілер: Дышкант Николай (Талдықорған), Әлиев Біләл, Мамашәріп Бекзат (екеуі де Алматы)

Қосалқы төреші: Сержанұлы Біржан (Алматы)

Инспектор: Сламбеков Қайрат (Алматы)

Қазақ спорт және туризм академиясының әр ойыны студенттер үшін үлкен тәжірибе. Сырт алаңдағы жеңістен соң, олар өз жанкүйерлері алдында жеңісті серияны жалғастыруды көздейді.


«Солтүстік-Шығыс» Конференциясы


16 сәуір


«Алтай Ж» - «Оқжетпес Ж»

Уақыты: 14:30

Тікелей көрсетілім: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Стадион: «Восток» (Өскемен)

Төрешілер: Вишняков Дмитрий (Семей), Мейірбаев Асылан, Қадыров Жалғас (екеуі де Өскемен)

Қосалқы төреші: Молтусинов Антон (Өскемен)

Инспектор: Попов Евгений (Өскемен)

Дебютант саналса да, «Алтай» жастары алғашқы турда жаман әсер қалдырмады. Ал «Оқжетпес Ж» керісінше өз алаңында ойсырай жол берген болатын.


«Шахтер Ж» - «Жеңіс Жас»

Уақыты: 17:00

Тікелей көрсетілім: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Стадион: «Шахтёр» орталық стадионы (Қарағанды)

Төрешілер: Карпов Игорь (Алматы обл.), Қабдыш Жасұлан (Саран), Әлібеков Нұрсұлтан (Қарағанды)

Қосалқы төреші: Бурдейный Андрей (Қарағанды)

Инспектор: Бородин Сергей (Қарағанды)

Қарағанды қаласындағы матчта алаң иелерін тоқтату қиын. Оның үстіне дебютант астаналық «Жеңіс Жас» өз қобалжуларымен қаншалықты күресе алар екен?


17 сәуір

SD Family Ж - Ertis

Уақыты: 14:30

Тікелей көрсетілім: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Стадион: Sydykbek Arena (Астана)

Төрешілер: Мухат Айбек (Атырау), Әлімов Нұрсұлтан, Жарасов Ақжол (екеуі де Астана)

Қосалқы төреші: Попов Сергей (Астана)

Инспектор: Түсеев Бағдат (Астана)

Павлодар клубы айқын фаворит. SD Family қаншалықты аз гол жібереді екен?


«Тобыл Ж» - «Жетісу Ж»

Уақыты: 17:00

Тікелей көрсетілім: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: «Тобыл Арена» (Қостанай)

Төрешілер: Гариев Эмиль (Астана), Вахитов Ернар, Лютинец Елена (екеуі де Қостанай)

Қосалқы төреші: Қазбеков Әнуар (Қостанай)

Инспектор: Павленко Александр (Қостанай)

Ірі жеңілістен кейін «Тобыл» жастары қалыпқа келуге тырысады. Дегенмен, «Жетісу» жастары да қорғаныста жақсы ойнайтынын дәлелдей білді.


«Ақсу» - «Елімай Ж»

Уақыты: 17:00

Тікелей көрсетілім: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Стадион: Орталық стадион (Павлодар)

Төрешілер: Шишин Никита (Қарағанды), Долгих Алексей, Карлов Евгений (екеуі де Павлодар)

Қосалқы төреші: Волков Артем (Павлодар)

Инспектор: Текиев Вадим (Павлодар)

Бірінші турда 21 соққы бағыттаса да, 0:1 есебімен жеңілген «Ақсу» қателіктерінен сабақ шығаруы тиіс. Қарсылас та азулы ұжымдардың бірі деп айтуға келмейді.


Айта кетейік, осы турдағы «Қызылжар Ж» мен «Астана Ж» арасындағы кездесу Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режиміне байланысты кейінге шегерілді.