KZ
KZ RU
10 маусым 2021 16:19

«Ордабасы» - «Қызыл-Жар» ойынының өтетін күні анықталды

10 маусым 2021 16:19

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы шымкенттік «Ордабасы» мен петропавлдық «Қызыл-Жар» арасындағы OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының 1-турының кейінге шегерілген ойынының жаңа мерзімі анықталғаны туралы хабарлайды.

Еске сала кетейік, OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының 1-турының «Ордабасы» - «Қызыл-Жар» ойыны ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылған еді. Футбол клубтарының өзара келісімі бойынша ойын 2021 жылдың 26 тамызына белгіленді.