KZ
KZ RU
19 сәуір 2024 15:48
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 5-ші туры: көшбасшылар айқасы

19 сәуір 2024 15:48

2 апталық үзілістен кейін OLIMPBET QFL Премьер-лигасы жалғасын табады. Бұл турдағы басты ерекшелік - топ басындағы командалар өзара жолығып, мықтыны анықтайды.


20 сәуір


«Жеңіс» - «Тұран»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Sport+ телеарнасы

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Қарағанды)

Төрешілер: Московченко Григорий (Павлодар), Бельский Евгений (Тараз), Лесив Станислав (Семей)

VAR төрешісі: Затула Александр (Өскемен)

AVAR төрешісі: Белоградов Дмитрий (Павлодар)

Қосалқы төреші: Бильдинов Михаил (Қарағанды)

Инспектор: Борисов Александр (Семей)

Бірінші лигадан келген клубтардың былтырғы матчтары ірі жеңістермен аяқталған. 2023 жылы «Жеңістің» алаңындағы ойында қонақтар 2:5 есебімен басым түсіп, 2 футболшы қуылған еді. Алайда сол 7 голдың авторы биылғы OLIMPBET QFL Премьер-лигада доп теппеді. Сондықтан командалар жаңа ойыншыларымен алаңға шығады. Қазіргі сәтте клубтардың арасын 1 ғана ұпай бөліп тұрғанымен, «Жеңіс» - ең көп гол жібергендердің, «Тұран» - ең аз гол жібергендердің қатарында тұр.


«Қайсар» - «Атырау»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Qazsport телеарнасы

Өтетін жері: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда)

Төрешілер: Байымбет Сәкен (Тараз), Панин Максим (Қостанай), Виноградов Денис (Петропавл)

VAR төрешісі: Тасыбаев Айдын (Астана)

AVAR төрешісі: Долгих Алексей (Павлодар)

Қосалқы төреші: Жақсылық Төребек (Қызылорда)

Инспектор: Цареградский Сергей (Алматы)

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогында армансыз 6 гол соғып, сенімділіктерін арттырған «Атырау» OLIMPBET QFL Премьер-лигадағы алғашқы жеңісін алуға тырысады. Командалардың статистикасына көз жүгіртсек, «Атырау» сырт алаңда 2019 жылдан бері 3 ұпай ала алмай келеді. Ал сәтсіздік сериясын тоқтата алмай келе жатқан Виктор Кумыков қалай да болсын ортаңқол «Атырауды» жеңуге барын салуға тиіс.


«Ордабасы» - «Қызылжар»

Уақыты: 16:30

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football телеарнасы

Өтетін жері: Қажымұқан атындағы орталық стадион (Шымкент)

Төрешілер: Омаров Рустам (Алматы), Сысоев Антон (Көкшетау), Конивец Артем (Қарағанды)

VAR төрешісі: Гороховодацкий Сергей (Алматы)

AVAR төрешісі: Навроцкий Иван (Астана)

Қосалқы төреші: Жарылқасынов Самат (Шымкент)

Инспектор: Құсайынов Елеш (Астана)

Турнир кестесінде 2-3 орында келе жатқан командалардың хал-ахуалын бірдей деуге болмайды. Жергілікті жанкүйерлер «Ордабасыны» тек стандарттан гол соғып, нақты қойылған ойыны жоқ деп айыптаса, «Қызылжар» әдеттегідей маусым басын өте жақсы бастады. Екі команда да OLIMPBET QFL Қазақстан кубогында көшбасшы футболшыларына демалыс берген болатын. Клубтардың соңғы 9 матчында тең есеп тіркелмеген.


«Қайрат» - «Ақтөбе»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Qazsport телеарнасы

Өтетін жері: Орталық стадион (Алматы)

Төрешілер: Сахи Данияр (Қызылорда), Жүсіпов Амангелді (Тараз), Мыңбаев Әлішер (Қаратау)

VAR төрешісі: Абдуллаев Бағдат (Қаратау)

AVAR төрешісі: Филоненко Дмитрий (Тараз)

Қосалқы төреші: Павлов Александр (Алматы)

Инспектор: Юмашев Эдыген (Астана)

Шабуыл шептері өте мықты командалардың ойынына куә боламыз. Қағаз жүзінде клубтардың жеңіске жету мүмкіндігі тең болғанымен, «Ақтөбе» 2015 жылдан бері Алматы төрінде жеңіске жетпеген. Бұған дейін «Қайрат» көшбасшы «Ордабасы», «Қызылжарды» жеңіп үлгерді. Ал «Ақтөбе» енді ғана деңгейлес командамен жолығады.


21 сәуір


«Астана» - «Тобыл»

Уақыты: 16:30

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football телеарнасы

Өтетін жері: «Хан Тәңірі» стадионы (Алматы)

Төрешілер: Измайлов Денис (Талдықорған), Васютин Сергей, Тергеусізов Самат (екеуі де Алматы)

VAR төрешісі: Сариев Болат (Орал)

AVAR төрешісі: Тихонюк Юрий (Ақтөбе)

Қосалқы төреші: Павлов Александр (Алматы)

Инспектор: Бақберген Исағали (Шымкент)

OLIMPBET QFL Премьер-лиганың күміс жүлдегері «Астана» мен OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы, Суперкубогының чемпионы «Тобыл» теке-тіресінде гол көп соғыла бермейді. Алаң қожайындары OLIMPBET QFL Премьер-лига аясында қатарынан 2 ойында есе жібергенімен, өз мүмкіндіктерін қолдана алмай келеді. «Тобыл» сырт алаңда «Қызылжармен» тең түскен болатын.


«Жетісу» - «Шахтер»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Sport+ телеарнасы

Өтетін жері: «Жетісу» стадионы (Талдықорған)

Төрешілер: Тевяшов Денис (Орал), Орунбаев Илашбек (Түркістан обл.), Филипчук Евгений (Шымкент)

VAR төрешісі: Қумашев Тимур (Астана)

AVAR төрешісі: Мағау Наргис (Алматы)

Қосалқы төреші: Стасенко Виктор (Талдықорған)

Инспектор: Кенетаев Сергей (Астана)

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогында сәтсіздікке ұшырағанымен, 2 ұжым да соңғы минутқа дейін талас жүргізді. Аз шабуыл ұйымдастырса да, мүмкіндіктерін мүлт жібермейтін «Жетісу» қорғанысы ашық қарағандылықтарға кем дегенде 1 гол соғуы мүмкін. Бірақ «Жетісу» соңғы рет өз алаңында «Шахтерді» 2020 жылы ғана тізе бүктіре алған. Сонымен қатар «Шахтер» жаңа бас бапкерімен жеңіле қоймасы анық.


OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 5-ші тур ойындарын жіберіп алманыздар!