KZ
KZ RU
12 сәуір 2024 12:41
OLIMPBET КУБОК

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы: «Тобыл» чемпиондық атақты қорғай ала ма?

12 сәуір 2024 12:41

Отандық футбол маусымының басталғанына 1 айдан астам уақыт өтті. Осы орайда кезекті турнир OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы жанданбақ. Бұл жарыстың ерекшелігі - нақты фаворитті айту қиын. Мысалы, OLIMPBET QFL Премьер-лига чемпионы осы бәсекеде 2016 жылы топ жарса, «Қайрат» 2 мәрте қатарынан чемпиондық атаққа 2017, 2018 жылдары қол жеткізді.

 

2024 жылғы доданың форматы былтырғыдан қарағанда сәл өзгеше. 2023 жылы 1/8 финал 2 ойын арқылы жеңімпаз анықталса, биыл тек 1 матчта белгілі болады. Бұл сенсациялық нәтижелердің көбею мүмкіншілігін арттырады. OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының бастапқы кезеңіне Бірінші және Екінші лиганың 19 клубы қатысып, 3 үздігі 1/8 финалға жолдама алған еді. Олар: SD Family, «Тараз» және Екінші лигадағы «Оңтүстік». Жеребе қорытындысы бойынша, OLIMPBET QFL Премьер-лиганың 13 клубы осы кезеңде жарыс жолын бастайды.

 

Қандай ерекшеліктері бар?

- «Қайрат» - «Тұран» (0:0), «Жеңіс» - «Астана» (0:2) жұптары бұған дейін OLIMPBET QFL Премьер-лигада жолыққан еді. Алайда кубокта олар керісінше өзге алаңда кездеседі.

- Әзірше «Қайрат» командасы ең көп 10 мәрте чемпион атанған. «Астана» мен «Жеңіс» 3 реттен топ жарған.

- Екінші лигадан негізгі кезеңге 3 жылдан соң, «Оңтүстік» ұжымы шыға алды. Бұған дейін 2021 жылы Астана қаласының БЖМОРСМ №8 командасы доп тепкен.

- Ең көп 3 клуб Астана қаласының атынан қатысып жатыр: «Астана», «Жеңіс», SD Family. Дегенмен, «Астана» мен «Жеңіс» өзара кездессе, SD Family сырт алаңда «Атыраумен» күш сынасады.

- 2022, 2023 жылдары «Ақжайық» клубының шабуылшысына «ең үздік сұрмерген» атағы бұйырған еді. Биыл «Ақжайық» алдын-ала кезеңде жарыс жолын аяқтады.

- 2024 жылғы маусымда 32 клуб қатысып жатыр. Бұған дейін ең көп 43 қатысушы 2007 жылы тіркелген.

- Былтыр «Тобыл» УЕФА Конференция лигасында біршама шулатқанымен, чемпионатта небары 8-орынға тұрақтаған еді. Алайда Қазақстан кубогында жеңімпаз атанған соң, УЕФА Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатысатын болды.

- 2023 жылы OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының финалы қараша айының соңында өтсе, 2024 жылы финал 29 қыркүйекке жоспарланған.

 

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының 1/8 финал ойындар кестесі:

 

13 сәуір

 

«Атырау» (Атырау) – SD Family (Астана)

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q League телеарнасы

Өтетін жері: «Мұнайшы» стадионы (Атырау)

Төрешілер: Затула Александр (Өскемен), Жақсылық Торебек, Ахметов Азамат (екеуі де Қызылорда)

VAR төрешісі: Гороховодацкий Сергей (Алматы)

АVAR төрешісі: Васютин Сергей (Алматы)

Қосалқы төреші: Волков Артем (Атырау)

Инспектор: Пасько Сергей (Алматы)

 

«Қайсар» (Қызылорда) – «Тобыл» (Қостанай)

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football мен Q Arena телеарналары

Өтетін жері: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда)

Төрешілер: Суликанов Саят, Мортин Никита, Тихонюк Юрий (бәрі Ақтөбе)

VAR төрешісі: Омаров Рустам (Алматы)

АVAR төрешісі: Орунбаев Илашбек (Түркістан обл.)

Қосалқы төреші: Жұмашев Нұржан (Қызылорда)

Инспектор: Антонов Виктор (Павлодар)

 

«Жеңіс» (Астана) – «Астана» (Астана)

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football телеарнасы

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Қарағанды)

Төрешілер: Чеховский Георгий, Тұрсымбаев Тимур (екеуі де Астана), Мағау Наргис (Алматы)

VAR төрешісі: Московченко Григорий (Павлодар)

АVAR төрешісі: Лабашов Денис (Атырау)

Қосалқы төреші: Бильдинов Михаил (Қарағанды)

Инспектор: Төсеев Бағдат (Астана)

 

«Қайрат» (Алматы) – «Тұран» (Түркістан)

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football мен Q Arena телеарналары

Өтетін жері: Орталық стадион (Алматы)

Төрешілер: Тасыбаев Айдын (Астана), Карлов Евгений, Кольев Евгений (екеуі де Павлодар)

VAR төрешісі: Байымбет Сәкен (Тараз)

АVAR төрешісі: Жүнісов Нұржан (Астана)

Қосалқы төреші: Сержанұлы Біржан (Алматы)

Инспектор: Вишниченко Анатолий (Қостанай)

 

14 сәуір

 

«Тараз» (Тараз) – «Ордабасы» (Шымкент)

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Arena телеарнасы

Өтетін жері: Орталық стадион (Тараз)

Төрешілер: Ысқақов Санжар (Қостанай), Якбаров Ринат, Серікболов Данияр (екеуі де Семей)

Қосалқы төреші: Филоненко Дмитрий (Тараз)

Инспектор: Бублинский Николай (Қарағанды)

 

«Оңтүстік» (Шымкент) – «Қызылжар» (Петропавл)

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football телеарнасы

Өтетін жері: «БИІК» ФО стадионы (Шымкент)

Судьи: Ткачев Кирилл, Жолдас Бахытжан, Сәрсенбаев Нұрлан (бәрі Алматы)

Қосалқы төреші: Жарылқасынов Самат (Шымкент)

Инспектор: Абданбаев Асхат (Тараз)

 

«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Жетісу» (Талдықорған)

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football телеарнасы

Өтетін жері: «ОМБЖОРСМ» стадионы (Ақтөбе)

Төрешілер: Сұлтанғалиев Руслан (Атырау), Павлов Александр (Алматы), Айжігітов Ғалымжан (Қызылорда)

VAR төрешісі: Абдуллаев Бағдат (Қаратау)

АVAR төрешісі: Бельский Евгений (Тараз)

Қосалқы төреші: Оңғарбаев Рустам (Ақтөбе)

Инспектор: Хуснутдинов Рашит (Орал)

 

«Елімай» (Семей) – «Шахтер» (Қарағанды)

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q League телеарнасы

Өтетін жері: Орталық стадион (Павлодар)

Төрешілер: Сахи Данияр (Қызылорда), Долгих Алексей, Белоградов Дмитрий (екеуі де Павлодар)

VAR төрешісі: Горда Данил (Көкшетау)

АVAR төрешісі: Калачев Сергей (Атырау)

Қосалқы төреші: Букенов Аскар (Павлодар)

Инспектор: Хисамутдинов Игорь (Павлодар)

 

1/4 финал 8 мамырға, ал жартылай финал 29 мамыр мен 19 маусымға жоспарланған. OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының жеңімпазы 29 қыркүйекте белгілі болады. Ойындардың шолуын біздің сайтта және YouTube пен Telegram арналарымыздан көре аласыз.