KZ
KZ RU
19 наурыз 2024 22:32
OLIMPBET КУБОК

Olimpbet QFL Қазақстан Кубогы: Плей-оффқа шыққан 6 клуб анықталды

19 наурыз 2024 22:32
32-ші мәрте ұйымдастырылып жатқан ел кубогының бастапқы кезеңінде Бірінші және Екінші лиганың 19 клубы топтық раундты аяқтады.

3 турдың нәтижесі бойынша, плей-офф кезеңіне «Ертіс», «Оңтүстік», «Тараз», «Жас Қыран», «Жетісай», SD Family командалары өтті. 

Енді 6 клуб 1/8 финалдың 3 жолдамасы үшін, 21-23 наурыз күндері аралығында бір ойын арқылы жеңімпазды анықтайды. 

Плей-офф

21 наурыз. 15:00
«Оңтүстік» - «Ертіс» - бұған дейін кездеспеген. 

22 наурыз. 13:00
«Тараз» - «Жас Қыран» 

23 наурыз. 15:00
SD Family - «Жетісай» - бұған дейін кездеспеген. 

3 тур бойынша көрсеткіштер: 

-  Ең көп 19 гол үшінші турда соғылды. 

-  «Ақсу» клубының ойыншысы Асланбек Кәкімов ел кубогында хет-триктің авторы атанып, топтық кезеңде ең көп гол соққан футболшы ретінде тіркелді. 

-  «Қыран» клубы «Ақсуға» қарсы кездесуде ең көп 20 мәрте соққы бағыттаса да, ірі жеңіліске ұшырады. 

-  Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, АКАS клубының намысын қорғайтын 36 жастағы Сергей Гридин 2 ойында 2 гол соқты. Нәтижесінде Қазақстан кубогының сұрмергендер тарихында 17 голмен 8-орынға көтерілді. 

-  Алдын ала кезеңде «Оңтүстік» және SD Family клубтары ғана өз қақпаларына гол жібермеді. 

-  «Ертіс» клубы ең көп 10 сары қағаз алды. 

-  Жетісай» - былтыр ел кубогындағы 3 ойында да тас-талқан болып жеңіліп әрі гол соқпаған еді. Биыл «Ақсу», «Қыран» клубтарымен бір топқа түсіп, плей-оффқа шықты.

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы
Алдын ала кезең:
3 тур

17 наурыз. Жексенбі
«В» тобы 
«Алтай» - «Ақжайык» 1:0 

18 наурыз. Дүйсенбі
«А» тобы 
«Оқжетпес» - «Хан Тәңірі» 2:2
АKAS – «Ертіс» 1:1
«С» тобы 
«Түркістан» - «Тараз» 0:3
«D» тобы 
«Арыс» - «Каспий» 0:0

19 наурыз. Сейсенбі
«Е» тобы 
«Мақтаарал» - SD Family 0:2
«F» тобы 
«Қыран» - «Ақсу» 

Кубоктағы тартысты кездесулердің қызықты сәттері QFL-дің YouTubе арнасы мен Telegram парақшасында қолжетімді.

Алдын ала кезеңнің матчтары Шымкент қаласында «Биік» спорт кешенінде өтіп жатыр. 

Ойындарды «Q Football» және «Q Arena» телеарналары және біздің сайтта тікелей эфирде тамашалай аласыздар.