KZ
KZ RU
16 наурыз 2024 19:06
OLIMPBET КУБОК

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы: алғашқы 2 клуб плей-оффқа шықты

16 наурыз 2024 19:06

32-ші мәрте ұйымдастырылып жатқан ел кубогының бастапқы кезеңінде Бірінші және Екінші лиганың 19 клубы 2 тур ойындарын аяқтады.


2 турдың қорытындысы бойынша, «Оңтүстік», «Жас Қыран» командалары мерзімінен бұрын өз топтарында 1-орынға ие болды.


Енді 17-19 наурыз күндері шешуші 3 тур ойындары өтеді.


Екінші турда қандай жайттар тіркелді?


-  Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 турдың 3 ойыны 14 наурыздан 15 наурызға ауыстырылды.


- Қайта құрылған «Ертіс» клубы 2 турда өткен Премьер-лиганың қатысушысы «Оқжетпеспен» жолығып, тағы да 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бірақ бұл ойын өте лас өтіп, 9 бірдей сары қағаз көрсетілді.


- А тобында «Хан Тәңірі» мен «АКАS» арасындағы кездесуде 2 голды ұлттық құраманың бұрынғы футболшылары 36 жастағы Сергей Гридин (АКАS) мен 35 жастағы Марат Шахметов (Хан Тәңірі) соқты.


-   Бастапқы кезеңнің фавориттері саналған «Оқжетпес», «Ақжайық», «Каспий», «Ақсу» клубтары топтан шығу мүмкіндігінен айырылды. Ал бірінші ойынын Екінші лиганың чемпионы «Ұлытауға» қарсы өткізген «Мақтарал» да 0:1 есебімен жол берді. Егер «Мақтарал» шешуші матчта «SD Family» командасын ірі есеппен жеңбесе, жарыспен қоштасады.


- «Оңтүстік» былтыр ел кубогының 1/16 финалына шығып, «Ақжайықтан» оңбай 1:7 есебімен ұтылған еді. Ал биыл қос клуб бір топта ойнады. Нәтижесінде «Оңтүстік» командасы БҚО және ШҚО ұжымдарын қапы қалдырып, тағы да плей-оффқа өтті.


- Өткен маусыммен салыстырғанда, бастапқы кезеңде тек «Оңтүстік» ғана сәтті аяқтады. «Елімай» мен «Тұран» Премьер-лигада доп тебетіндіктен, жарысты 1/8 финалда бастайды. «Ақжайық» командасы «Оңтүстікпен» бір топқа түсіп қалды.


OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы

Бастапқы кезең (топтық кезең):


«А» тобы

2 тур – 15 наурыз

«Ертіс» - «Оқжетпес» 1:0

«Хан Тәңірі» - AKAS 1:2


«В» тобы

2 тур - 15 наурыз

«Оңтүстік» - «Алтай» 2:0


«С» тобы

2 тур - 15 наурыз

«Екібастұз» - «Түркістан» 1:1


«D» тобы

2 тур - 15 наурыз

«Жас Қыран» - «Арыс» 1:0


«E» тобы

2 тур - 16 наурыз

«Ұлытау» - «Мақтаарал» 1:0


«F» тобы

2 тур - 16 наурыз

«Жетісай» - «Қыран» 1:1


Айта кетейік, бастапқы кезеңнің топтық ойындарында өз тобында 1-орын алған командалар ғана плей-оффқа шығады.

3 тур

17 наурыз. Жексенбі

«В» тобы

16:00 «Алтай» - «Ақжайык»

18 наурыз. Дүйсенбі


«А» тобы

10:00 «Оқжетпес» - «Хан Тәңірі»

12:00. АKAS – «Ертіс»


«С» тобы

14:00 «Түркістан» - «Тараз»


«D» тобы

16:00 «Арыс» - «Каспий»

19 наурыз. Сейсенбі


«Е» тобы

13:00 «Мақтаарал» - SD Family


«F» тобы

16:00 «Қыран» - «Ақсу»


Кубоктағы тартысты кездесулердің қызықты сәттері QFL-дің YouTube-тағы арнасы мен Telegram парақшасында қолжетімді.


Бастапқы кезеңнің матчтары Шымкент қаласында «БИІК» спорт кешенінде өтіп жатыр. Ойындарды «Q Football» және «Q Arena» телеарналары және біздің сайтта тікелей эфирде тамашалай аласыздар.