KZ
KZ RU
24 мамыр 2023 17:57
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

OLIMPBET-Чемпионатының 13 және 14 турларында «Каспий» ФК мен «Астана» ФК арасындағы ойындарды өткізу тәртібі өзгерді

24 мамыр 2023 17:57

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Астана» футбол клубының УЕФА Чемпиондар лигасына дайындығына байланысты, елордалық команданың «Каспий» футбол клубымен ойындарды өткізу тәртібін өзгерту туралы өтінішін ескеріп, «Каспий» футбол клубынан тиісті келісімін ала отырып, Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 13 және 14 турлары шеңберінде «Каспий» футбол клубымен ойындарды өткізу тәртібін өзгерту туралы өтінішін қабылдады.

Аталмыш шешімге сәйкес, Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 14 турындағы «Астана»-«Каспий» ойыны 24 маусымда Астана қаласында өтсе, 13 тур аясындағы «Каспий» - «Астана» кездесуі 2 шілдеде Ақтау қаласында өтеді.