KZ
KZ RU
17 мамыр 2023 11:23
ЕКІНШІ ЛИГА

Олег Лотов — Екінші Лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясының сәуір айындағы үздік бапкері

17 мамыр 2023 11:23

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылғы сәуір айының үздік бапкерін анықтау мақсатымен Екінші Лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясы командаларының бапкерлерінің арасында сауалнама.

«Тобыл» жастар командасының бас бапкері Олег Лотов әріптестерінің қолдауымен үздік атанды. Қостанайлық жастар сәуір айындағы екі ойында 5:2 есебімен жеңіске жетті. Олег Сергеевич үшін 10 әріптесінің 5-і өз дауыстарын берді.

Сауалнамада екінші орында «Ұлытау» бас бапкері Марат Еслямов болды, оған төрт әріптес дауыс берді.

Максим Самченко («Шахтера Ж») мен Спартак Бикмухаметов («Оқжетпес Ж») өз активіне бір-бір дауыстан жинады.