KZ
KZ RU
09 қазан 2023 15:49
ЕКІНШІ ЛИГА

Әлібек Жұбанғалиев — Екінші Лиганың Оңтүстік-Батыс конференциясының қыркүйек айындығы үздік футболшысы

09 қазан 2023 15:49

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы дәстүр бойынша 2023 жылғы қыркүйек маусымының қорытындысы бойынша Оңтүстік-Батыс біріншілік конференциясының үздік ойыншысын анықтау мақсатында Екінші Лига командаларының бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізілді.

Сауалнама қорытындысы бойынша Оңтүстік-Батыс Конференциясының үздік футболшысы AKAS командасының қақпашысы Әлібек Жұбанғалиев атанды. Ол қыркүйектегі екі ойынның бірінде өз командасынығ қақпасын голдан аман алып қалып, лигадағы алғашқы маусымда конференцияда алтыншы орынға ие болуға көмектесті.

Екінші орынды «Қайсардың» шабуылшысы Нұрдәулет Әмірбек иеленді. Қыркүйек айында өткен екі ойында ол 2 голмен және 1 нәтижелі паспен ерекшеленді.

Үздік үштікті «Жетісайдың» қорғаушысы Дәурен Мәжитов иеленді.