KZ
KZ RU
17 мамыр 2023 10:37
ЕКІНШІ ЛИГА

Ерсұлтан Төреқұл — Екінші Лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясының үздік ойыншысы

17 мамыр 2023 10:37

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы дәстүр бойынша 2023 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша Солтүстік-Шығыс конференциясының үздік ойыншысын анықтау мақсатында Екінші Лига командаларының бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді.

Сауалнамаға қатысқандардың әрқайсысы өздерінің үздік үштігін таңдады. Әрі қарай, орындарға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: бірінші орын үшін - 3 ұпай, екінші орын үшін - 2 ұпай, үшінші орын үшін - 1 ұпай. Нәтижесінде барлық ұпайлар жинақталды.

Сауалнама қорытындысы бойынша «Ұлытау» командасының шабуылшысы Ерсұлтан Төреқұл Солтүстік-Шығыс конференциясының үздік футболшысы атанды. Өз командасының сәуір айындағы ойынында гол соғып, нәтижелі пас берді. Сауалнамада Ерсұлтан 19 ұпай жинады.

Сауалнамада екінші орынды сәуірдің екі ойынында үш гол соққан «Академия 05» шабуылшы Бақтишат Абдуллаев иеленді.

Үштікті «SD Family» командасының ойыншысы Санжар Шураханов қорытындылады.

Кім кімге дауыс берді: