KZ
KZ RU
18 қыркүйек 2023 15:54
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

Еркебұлан Нұрғалиев - UBET-Бірінші Лиганың тамыз айындағы үздік ойыншысы

18 қыркүйек 2023 15:54

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылдың тамыз айындағы UBET-Бірінші Лига клубтары арасындағы Біріншіліктің үздік футболшысын анықтау үшін Бірінші Лига командаларының бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді.

Өткен айдың үздік ойыншысы «Елімай» футбол клубының капитаны Еркебұлан Нұрғалиев атанды.

Нұрғалиев тамыз айында төрт матчқа қатысып, 4 гол соқты және бір нәтижелі паспен көзге түсті. Ол өз командасына турнир кестесінің бірінші орынын сақтап қалуға көмектесті.

Сауалнамада екінші орынында лиганың үздік сұрмергені Николай Агапов орналасты. Украиналық шабуылшы «Ақжайық» командасының өткен айында барлық ойындарында нәтижелі соққымен көзге түсті.

Үздік үштікті «Жеңіс» командасының жартылай қорғаушысы Артем Черединов тұйықтады. Черединовтың тамаша ойыны елордалық командаға кестенің үздік үш командасының қатарына кіруге көмектесті.

Кім кімге дауыс берді: