KZ
KZ RU
04 сәуір 2024 18:35
ЕКІНШІ ЛИГА

Екінші лигада 24 клуб бақ сынайды: турнирдің күнтізбесі

04 сәуір 2024 18:35
QFL Екінші лигасы 2024 жылдың 9 сәуір - 1 қазан күндері аралығында өтеді. Бәсекеге еліміздің 16 өңірінен бірінші рет 24 команда қатысады. Бірінші лиганың 2 жолдамасы үшін 9 футбол клубы мен Премьер-лига және Бірінші лига командаларының жастары таласпақ.

Өткен маусымдағыдай осы жолы да QFL Екінші лигасы аумаққа байланысты «Оңтүстік-Батыс» және «Солтүстік-Шығыс» болып бөлінеді. Жарыста алғаш рет «Талас» (Жамбыл облысы), Ertis (Павлодар облысы), KazAST ( Алматы қ.) пен «Алтай», «Жеңіс», «Қайсар-Шиелі», SD Family клубтарының жастары доп тебеді. Әр конференцияның жеңімпаздары келесі маусымда Бірінші лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, QFL Екінші лигасының барлық матчтарын Q Football, Q Arena, Q League телеарналары мен QFL.KZ сайтында тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, жанкүйерлер үшін сараптамалық мақалалар, статистикалық ақпараттар мен әр ойынның шолуы қолжетімді. Турнирдің толық күнтізбесін біздің Telegram арнамыздан көре аласыз.

01.png 01 (1).png
02.png 02 (1).png
03.png 03 (1).png
04.png 04 (1).png