KZ
KZ RU
13 ақпан 2023 13:06
OLIMPBET КУБОК

Қазақстан OLIMPBET-Кубогының жеребесі тартылды

13 ақпан 2023 13:06

Футбол үйінде 2023 жылғы Қазақстан OLIMPBET-Кубогының жеребесі тартылды.

Бастапқы кезеңде Бірінші және Екінші лига өкілдері клубтардың рейтингісіндегі орындарға байланысты төрт себетке бөлінді. Жеребе қорытындысы бойынша келесі топтар құрылды:
«А» тобы: «Ақжайық», «Алтай», «Жас Қыран», «AKAS»
«В» тобы: «Тараз», «Жеңіс», «Арыс», «Елімай»
«С» тобы: «Қыран», «Оңтүстік академиясы», «SD Family», «Ұлытау»
«D» тобы: «Тұран», «Яссы», «Хан Тәңірі», «Жетісай».
 
Бастапқы кезеңнің плей-офф кезеңінде «А» тобының жеңімпазы «С» тобының жеңімпазымен кездеседі, ал «D» тобының жеңімпазы «В» тобының жеңімпазымен өзара екінші жолдаманы сарапқа салады. Плей-офф кезеңінің екі жеңімпазы жарыстың негізгі кезеңіне өтіп, чемпионаттың 14 командасына қосылады.
 
Сонымен қатар OLIMPBET-Кубогының негізгі кезеңінің жеребесіде тартылды.
 
Жеребе тарту нәтижесі бойынша жарыстың 1/8 кезеңінде келесі жұптар қалыптасты:
«Астана» - «Қайсар»
«Каспий» - «D» тобының жеңімпазы/ «В» тобының жеңімпазы
«Ордабасы» - «Мақтаарал»
«Қызылжар» – «Жетісу»
«Шахтер» - «Оқжетпес»
«Тобыл» - «Ақсу»
«Ақтөбе» – «Атырау»
«Қайрат» - «А» тобының жеңімпазы/ «С» тобының жеңімпазы
 
Бастапқы кезеңнің күнтізбесі қосымша жарияланады.
 
OLIMPBET-Кубоктың 1/8 кезеңінен бастап қатысушылар өзара екі матч өткізеді. Жұптардағы алғашқы ойын рейтингте орны жоғары команданың алаңында өтеді.