KZ
KZ RU
16 тамыз 2022 15:51
OLIMPBET КУБОК

Қазақстан OLIMPBET-Кубогының ½ және ¼ кезеңдерінің жеребесі тартылды

16 тамыз 2022 15:51

Футбол үйінде 2022 жылғы маусымның Қазақстан OLIMPBET-Кубогының ½ және ¼ кезеңдерінің жеребесі тартылды.

Жеребе тастау рәсіміне ҚФФ құрама командалар департаментінің директоры Ғани Қайназаров және ҚКФЛ спорттық директоры Павел Демян қатысты.
 
Іс-шараның қорытындысы бойынша жарыстың ¼ финалында келесі жұптар ойнайды:
«Тараз» - «Шахтер»
«Қайрат» – «Ақжайық»
«Астана» - «Мақтаарал»
«Қайсар» – «Ордабасы»
 
Кубоктың ½ финалының жеребесінің қорытындысы бойынша келесі жұптар құрылды:
«Қайрат» / «Ақжайық» - «Тараз» / «Шахтер»
«Астана» / «Мақтаарал» - «Қайсар» / «Ордабасы»
 
Қазақстан OLIMPBET-Кубогы ½ және ¼ кезеңдерінде жұптардағы жеңімпаздар бір ойын қорытындысы бойынша анықталып, жұптарда бірінші көрсетілген командалардың алаңдарында өтеді. 
 
Жартылай финалдың бірінші жұбының жеңімпазы Қазақстан OLIMPBET-Кубогы финалының номиналды қожайыны болады. Финалдың өтетін орны туралы ақпарат қосымша хабарланады.