KZ
KZ RU
07 қараша 2022 10:29
OLIMPBET КУБОК

Қазақстан OLIMPBET-Кубогының финалына билеттердің сатылымы басталды

07 қараша 2022 10:29

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы «Ақжайық» және «Ордабасы» футбол клубтары арасындағы Қазақстан OLIMPBET-Кубогының финалдық ойынына билеттердің сатылымы басталғаны туралы хабарлайды.

Билеттерді «Тикетон» интернет-сервисінен онлайн сатып алуға болады.

Стадионның трибунасы мен секторына байланысты билеттердің құны 1000-2500 теңге аралығында.

«Ақжайық» - «Ордабасы» ойыны 12 қарашада «Астана Арена» СК алаңында өтеді.

«Астана Арена» кассаларында билеттердің сатылымы ойын күні жүзеге асырылады.