KZ
KZ RU
28 сәуір 2023 10:48
OLIMPBET КУБОК

Қазақстан OLIMPBET-Кубогының 1/8 финалының қарымта ойындары Виктор Катковтың құрметіне өтеді

28 сәуір 2023 10:48

Қазақстан OLIMPBET-Кубогының 1/8 финалының қарымта ойындары КСРО спорт шебері Виктор Георгиевич Катковтың құрметіне өтеді

Катков Жамбыл футбол мектебінің түлегі, футболдағы жолын туған жерінде бастады. Сонымен қатар оның мансабында «Қайрат», «Целинник», «Таврия» (Симферополь), «Химик» (Жамбыл) сынды командалар болды.

Ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін бапкер болып қызмет атқарды, сондай-ақ «Қайрат» футбол клубы мен Қазақстан футбол федерациясында түрлі әкімшілік лауазымдарды жұмыс жасады. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан спорт және туризм академиясының футбол кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарады.