KZ
KZ RU
23 наурыз 2024 15:36
OLIMPBET КУБОК

Қазақстан кубогының 1/8 финал ойындары қашан өтеді?

23 наурыз 2024 15:36
OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының 1/8 финалдары 13 және 14 сәуір күндері өтеді. Оған Премьер-лиганың 13 клубы мен турнирдің алдын ала кезеңінің жеңімпаздары «Оңтүстік», «Тараз» және SD Family клубтары қатысады. 

Айта кетейік, 1/8 финал жеңімпаздары бір ойын арқылы анықталады. Кездесу жеребеде бірінші көрсетілген клубтардың алаңдарында ұйымдастырылады. Матчтарды Q Football, Q Arena, Qazsport телеарналары мен біздің QFL.KZ сайтымыздан тікелей эфирде тамашалай аласыз. 

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының 1/8 финал ойындар кестесі: 

13 сәуір

14:00 «Қайсар» - «Тобыл»
14:00 «Атырау» - SD Family
16:00 «Жеңіс» - «Астана»
18:00 «Қайрат» - «Тұран»

14 сәуір 

14:00 «Тараз» - «Ордабасы»
14:00 «Оңтүстік» - «Қызылжар»
16:00 «Елімай» - «Шахтер»
16:00 «Ақтөбе» - «Жетісу»

1/4 финал 8 мамырға, ал жартылай финал 29 мамыр мен 19 маусымға жоспарланған. OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының жеңімпазы 29 қыркүйекте белгілі болады. Ойындардың шолуын біздің сайтта және YouTube пен Telegram арналарымыздан көре аласыз.