KZ
KZ RU
04 мамыр 2023 09:12

Қазақстан чемпионаты «Мақтаарал» - «Астана» ойынының өту күні өзгерді

04 мамыр 2023 09:12

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының Әкімшілігі «Астана» футбол клубының UEFA Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына байланысты өтінішін ескеріп, «Мақтаарал» футбол клубының тиісті келісімімен Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XIV турының «Мақтаарал» - «Астана» ойынын 2023 жылдың 12 тамызнан 10 мамырдағы резервтік күнге ауыстыру туралы шешім қабылдады.