KZ
KZ RU
14 наурыз 2021 12:39

Ауа райынның қолайсыздығына байланысты «Ордабасы»-«Қызыл-Жар СК» ойыны басқа мерзімге ауыстырылды

14 наурыз 2021 12:39

Шымкент қаласында толассыз жауған қардың салдарынан OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының 1-тур «Ордабасы»-«Қызыл-Жар СК» ойыны белгісіз мерзімге ауыстыруға шешім қабылданғаны туралы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы хабарлайды.

Төрешілер бригадасы Қажымұқан атындағы стадион алаңының сапасын тексерді. Алаңның үсті қызылсу мұзбен қапталған, толассыз жауған қар төсенішті тазартуға кедергі жасауда. «Ордабасы» және «Қызыл-Жар СК» клубтары тарапынан түскен ұсынысқа, сонымен қатар алаңның қазіргі жағдайына байланысты төрешілер бригадасы ойынды басқа мерзімге ауыстыруға шешім қабылдады.

Ойынның жаңа мерзімі туралы ақпаратты қосымша хабарлаймыз.

Орын алған жағдайға байланысты QAZSPORT спорттық телеарнасының тікелей эфирінде «Каспий»-«Ақтөбе» ойыны көрсетіледі. Кездесудің басталуы елорда уақытымен сағат 14:50-де.