KZ
KZ RU
25 ақпан 2023 18:50
OLIMPBET СУПЕРКУБОК

«Астана» - 2023 жылғы Қазақстан OLIMPBET-Суперкубогының иегері!

25 ақпан 2023 18:50
2023 жылдың маусымашар ойынында елордалық «Астана» шымкенттік «Ордабасыдан» басым түсті.
 
Бірінші тайм қауіпті сәттерге толы болды. Алдымен «Астананың» қатарға жаңадан қосылған ойыншысы Алекса Аманнович жойқын соққымен әдемі гол соқты, бір минуттан кейін Еркебұлан Тұңғышбаев Тағыберген берген пастан есепті теңестірді. Бірінші таймның соңында елордалық команданың шабуылшысы Дембо Дарбо өзінің дебюттік және команда үшін жеңіс голын соқты.
 
Ойынның екінші кезеңінде қос команда есепті өзгертуге мүмкіндер жасады, бірақ гол соғылған жоқ. Кездесудің қорытындысы – «Астана» минималды есеппен жеңіске жетті.
 
Осылайша, «Астана» өз тарихында алтыншы рет Қазақстан Суперкубогын иегері атанды. 
 
«Астана» - «Ордабасы» - 2:1
Голдар: Алекса Аманович 8, Дембо Дарбо 38 пенальтимен-Еркебұлан Тунгышбаев 9

25.02.2023. Астана. «Астана Арена». 7 313 көрермен.