KZ
KZ RU
23 қазан 2022 18:26
ЕКІНШІ ЛИГА

Асқар Қожабергенов — Екінші Лиганың үздік бапкері!

23 қазан 2022 18:26

Екінші Лиганың финалдық ойынынан кейін маусымының үздік бапкерін марапаттау рәсімі өтті.

Өткен маусымның үздік бапкердін анықтау мақсатында қатысушы командалардың бапкерлері арасында сауалнама өткізілді. Іс-шараға қатысқандардың әрқайсысы өздерінің үздік үштігін таңдады. Әрі қарай, орындарға байланысты бапкерлерге ұпайлар берілді: бірінші орын үшін 3 ұпай, екінші орын үшін 2 ұпай, үшінші орын үшін 1 ұпай. Нәтижесінде барлық ұпайлар жинақталды.

Сауалнама қорытындысы бойынша «Хан-Тәңірі» командасының бас бапкері Асқар Қожабергенов 36 ұпай жинап, топ жарды.

Дауыс саны бойынша екінші орында «Жас Қыран» ФК бас бапкері Сергей Волгин (21 балл).

14 ұпай жинаған Фархад Мирсалимбаев («Тараз-Ж») үштікті қорытындылады.