KZ
KZ RU
09 қазан 2023 15:52
ЕКІНШІ ЛИГА

Анатолий Зазуля — Екінші Лиганың Оңтүстік-Батыс конференциясының қыркүйек айындығы үздік бапкері

09 қазан 2023 15:52

Қазақстанның кәсіби футбол лигасы 2023 жылдың қыркүйек айындағы үздік бапкерді анықтау үшін Екінші Лиганың Оңтүстік-Батыс конференциясы командаларының бапкерлері арасында сауалнама өткізді.

Тоғыз дауыстың үшеуіне ие болған AKAS командасының бапкері Анатолий Зозула лиганың үздік бапкері атанды. AKAS біріншіліктің көшбасшы командаларының бірі «Атырау» жастар командасынан басым түсті.  

Сауалнамада екінші орынды «Қайсар» жастар командасының бапкері Сұлтан Әбілдаев пен «Жетісай» командасының бапкері Ерлан Шойтымов бөлісті.