KZ
KZ RU
13 наурыз 2024 19:39

Алғашқы турда таңғалдырған OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы

13 наурыз 2024 19:39

Футболдан 32 клубтың қатысуымен OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының кезекті маусымы басталды.


32-ші мәрте ұйымдастырылып жатқан ел кубогының бастапқы кезеңінде Бірінші және Екінші лиганың 19 клубы алғашқы топтық ойындарын өткізіп үлгерді.


Биылғы кубоктың басты ерекшеліктерінің бірі – «Алтай», «Ертіс» клубтары қайта құрылып, доп додасына араласуға мүмкіндік алды.


Бірінші турда қандай жайттар тіркелді?


- 2020 жылы қарыздарына байланысты жабылған «Ертіс» клубы араға 4 жыл салып, қайта жаңғырды. Павлодар облысының намысын қорғайтын команда ел кубогына қатысып қана қоймай, Бірінші лиганың мықты ұжымдарының бірі саналатын «Хан-Тәңірін» ұтып кетті.

- Былтыр ғана Премьер-лигамен қоштасқан «Оқжетпес» бірінші турда Екінші лиганың «АКАS» клубын жеңе алмады. Әзірше, А тобында қай клуб нақты фаворит екендігі белгісіз.

- Өткен маусымда Премьер-лига шығуға үмітті болған «Ақжайық» күтпеген жерден көш соңындағы «Оңтүстікке» 0:1 есебімен жол берсе, белгілі себептермен соңғы сәтте Премьер-лигада ойнаудан бас тартқан «Ақсу» өз алаңында Екінші лиганың чемпионы «Жетісайға» таза 0:3 есебімен ұтылды.

- Өз алаңында Премьер-лиганың мықтыларын састырған «Каспий» де «Жас Қыранға» 2:4 есебімен шамасы жетпеді.


OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы

Бастапқы кезең (топтық кезең):


«А» тобы

1 тур – 11 наурыз

«Ертіс» - «Хан-Тәңірі» 1:0

«Оқжетпес» - «AKAS» 1:1


«В» тобы

1 тур - 11 наурыз

«Ақжайык» - «Оңтүстік» 0:1 


«С» тобы

1 тур - 12 наурыз

«Тараз» - «Екібастұз» 2:1


«D» тобы

1 тур - 12 наурыз

«Каспий» - «Жас Қыран» 2:4


«E» тобы

1 тур - 13 наурыз

«SD Family» - «Ұлытау» 2:0


«F» тобы

1 тур - 13 наурыз

«Ақсу» - «Жетісай» 0:3 


2 тур ойындары 14-16 наурыз күндеріне жоспарланған.


Айта кетейік, бастапқы кезеңнің топтық ойындары 19 наурызға дейін жалғасып, 1-орын алған клубтар плей-оффқа жолдама алады.


Кубоктағы тартысты кездесулердің қызықты сәттері QFL-дің YouTube-тағы арнасы мен Telegram парақшасында қолжетімді.


Бастапқы кезеңнің матчтары Шымкент қаласында «БИІК» спорт кешенінде өтіп жатыр. Ойындарды «Q Football» және «Q Arena» телеарналары және біздің сайтта тікелей эфирде тамашалай аласыздар.