KZ
KZ RU
19 қазан 2022 21:37
OLIMPBET КУБОК

«Ақжайық» пен «Ордабасы» Қазақстан OLIMPBET-Кубогының финалына жолдама алды

19 қазан 2022 21:37

Қазақстан OLIMPBET-Кубогының жартылай финалдық ойындары өтті. Олардың қорытындысы бойынша оралдық «Ақжайық» және шымкенттік «Ордабасы» жарыстың финалына өтті.

«Ақжайық» өз алаңында «Таразды» 5:3 есебімен жеңсе, шымкенттік «Ордабасы» елордалық «Астанадан» 3:2 есебімен басым түсті.

«Ақжайық» пен «Ордабасы» арасындағы Қазақстан OLIMPBET-Кубогының финалы 2022 жылдың 12 қарашасында өтеді. Ойынның өтетін орны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.