KZ
KZ RU
07 наурыз 2024 22:56
OLIMPBET КУБОК

32 клуб Қазақстан кубогына таласады

07 наурыз 2024 22:56
Бүгін OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының жеребе тарту рәсімі өткізілді. Шара Qazaqstan Football League-ның елордадағы кеңсесінде ұйымдастырылды. Жеребе барысын еліміздегі атақты комментатор, Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Ермұхамед Мәулен жүргізді.
32-ші мәрте өткелі жатқан ел кубогы 11 наурыздан 29 қыркүйекке дейін жалғасады. Оған Премьер-лиганың 13 клубы және Бірінші, Екінші лиганың 19 командасы қатысады. Турнир 5 кезеңнен тұрып (алдын ала кезең, 1/8 финал, 1/4 финал, 1/2 финал және финал), футбол жанкүйерлері тартысқа толы 41 ойынға куә болады.

Айта кетейік, 1/8 финал және 1/4 финалдың кездесулері бір ойыннан тұрады. Алдын ала кезеңнің матчтары Шымкент қаласында «Биік» спорт кешенінде өтеді. Ойындарды біздің сайтта және «Q Football» және «Q Arena» телеарналарында тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының кестесі:
Алдын ала кезең:

«А» тобы
1 тур – 11 наурыз
12:00 «Ертіс» - «Хан-Тәңірі»
16:00 «Оқжетпес» - «AKAS»

2 тур - 14 наурыз
12:00 «Хан-Тәңірі» - «AKAS»
16:00 «Ертіс» - «Оқжетпес»

3 тур - 17 наурыз
12:00 «AKAS» - «Ертіс»
12:00 «Оқжетпес» - «Хан-Тәңірі»

«В» тобы
1 тур - 11 наурыз
14:00 «Ақжайык» - «Оңтүстік»

2 тур - 14 наурыз
14:00 «Оңтүстік» - «Алтай»

3 тур - 17 наурыз
16:00 «Алтай» - «Ақжайык»
 
«С» тобы
1 тур - 12 наурыз
13:00 «Тараз» - «Екібастұз»

2 тур - 15 наурыз
13:00 «Екібастұз» - «Түркістан»

3 тур - 18 наурыз
13:00 «Түркістан» - «Тараз»

«D» тобы
1 тур - 12 наурыз
16:00 «Каспий» - «Жас-Қыран»

2 тур - 15 наурыз
16:00 «Жас-Қыран» - «Арыс»

3 тур - 18 наурыз
16:00 «Арыс» - «Каспий»

«E» тобы
1 тур - 13 наурыз
13:00 «SD Family» - «Ұлытау»

2 тур - 16 наурыз
13:00 «Ұлытау» - «Мақтаарал»

3 тур - 19 наурыз
13:00 «Мақтаарал» - «SD Family»  

«F» тобы
1 тур - 13 наурыз
16:00 «Ақсу» - «Жетісай»

2 тур - 16 наурыз
16:00 «Жетісай» - «Қыран»

3 тур - 19 наурыз
16:00 «Қыран» - «Ақсу»
 
Алдын ала кезең (плей-офф):

21 наурыз, 15:00 - «А» және «В» топтарының жеңімпаздары кездеседі.
22 наурыз, 15:00 - «С» және «D» топтарының жеңімпаздары кездеседі.
23 наурыз, 15:00 - «E» және «F» топтарының жеңімпаздары кездеседі.

1/8 финал (13-14 сәуір):

«Қайсар» - «Тобыл»
«Жеңіс» - «Астана»
«Атырау» -  «E» және «F» топтарының жеңімпаздары арасындағы ойында жеңіске жеткен клуб
«Қайрат» - «Тұран»
«С» және «D» топтарының жеңімпаздары арасындағы ойында жеңіске жеткен клуб - «Ордабасы»
«Ақтөбе» - «Жетісу»
«Елімай» - «Шахтер»
«А» және «В» топтарының жеңімпаздары арасындағы ойында жеңіске жеткен клуб - «Қызылжар» 

Ширек финал ойындары 8 мамыр, ал жартылай финал 29 мамыр мен 19 маусымда өтеді. OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының жеңімпазы 29 қыркүйекте анықталады. Жеребе тарту рәсімінің толық нұсқасын біздің YouTube арнамыздан көрсеңіз болады.