KZ
KZ RU
04 сәуір 2024 11:31
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

1XBET QFL Бірінші лигасы: Биыл қандай өзгерістер күтіп тұр?

04 сәуір 2024 11:31

4-7 сәуір күндері аралығында көптен күткен 1XBET QFL Бірінші лигасының алғашқы туры өтеді.


Биылғы 1XBET QFL Бірінші лигасында жанкүйерлер мен футболшылар үшін бірнеше ерекшеліктер бар.

Біріншіден, биылдан бастап 1XBET букмекерлік компаниясы турнирдің бас демеушісі атанып отыр.

Екіншіден, регламентке сәйкес, Бірінші лигада ешқандай легионер доп теппейді. Сондықтан, кіл отандық футболшылардан жасақталған турнир нағыз тартысқа толы болмақ. Өткен жылы «Елімай», «Тұран» сынды клубтар өзгелерден ерекшеленсе, биыл ешкім де осы команда 1-2 орынды иеленеді деп дәл айта алмайды.

Үшіншіден, Бірінші лигада 16 клуб Премьер-лиганың жолдамасы үшін таласады. Салыстырмалы түрде бұған дейін ең көп 18 клуб 2013 жылы ойнаған. 


4 сәуір мен 24 қазан аралығында еліміздің 13 өңірінен 16 клубтың қатысуымен өтетін сайыста бірнеше ұжым алғаш рет Бірінші лигада өнер көрсетеді. Соның бірі - жаңадан құрылған Ұлытау облысындағы «Ұлытау» клубы. Былтыр ғана негізі қаланған команда Екінші лиганың Солтүстік-Шығыс дивизионында оқ бойы озып, 1-орын алды.

«Алтай» - 2022 жылы ШҚО-да жаңадан құрылған клуб. Осы атаудағы команда бұрында бақ сынағанымен, бұл команданың онымен байланысы жоқ.

SD Family – Екінші лигадан көтерілді. Қазақстан кубогы бәсекесінде бірінші рет 1/8 финалға шықты.

«Жетісай» - кіл қазақтың жас футболшыларынан құрылған клуб. Өткен маусымда «Түркістан» сапында 14 гол соққан Бекнұр Рысқұл «Жетісай» сапына ауысты.

Отандық футболшылар шыңдалатын Бірінші лигада ең жас клуб атағын «Қайрат-Жастар» (орташа жасы - 18,5) клубы иеленсе, ең егде команда атағы «Хан-Тәңіріне» (25,2) тиесілі.

 

1XBET QFL Бірінші лигасының 1-тур ойындар кестесі:

4 сәуір

14:00. SD Family – «Ұлытау»

14:00. «Тараз» - «Оқжетпес»

16:00. «Қайсар Жас» - «Ақтөбе-Ж»

16:00. «Хан-Тәңірі» - «Жетісай»


5 сәуір

14:00. «Ақжайық» - «Екібастұз»

16:00. «Қыран» - «Түркістан»

16:00. «Арыс» - «Каспий»


7 сәуір

16:00. «Алтай» - «Қайрат-Жастар»

 

Ойындарды Q Arena, Q Football, Q League телеарналары мен QFL.KZ сайтынан тікелей эфирде көре аласыз.