KZ
KZ RU
28 наурыз 2024 11:35
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

1XBET QFL Бірінші лигасы 4 сәуірде басталады

28 наурыз 2024 11:35
Футболдан 4 сәуір мен 24 қазан аралығында еліміздің 13 өңірінен 16 клубтың қатысуымен 1XBET QFL Бірінші лигасы өтеді. Бас жүлде үшін «Ақжайық», «Ақтөбе-Ж», «Алтай», «Арыс», «Жетісай», «Қайрат-Жастар», «Қайсар Жас», «Каспий», «Қыран», «Оқжетпес», «Тараз», «Түркістан», «Ұлытау», «Хан-Тәңірі», «Екібастұз» және SD Family футбол клубтары таласады. Турнир қорытындысы бойынша бірінші және екінші орын алған клубтар келесі маусымда Премьер-лигада бақ сынауға мүмкіндік алса, 15-16 орынға табан тіреген ұжымдар Екінші лигаға төмендейді.

Жарыстың бас демеушісі ретінде әлемге танымал 1XBET компаниясы танылды. Келісім 2024-2026 жылдар аралығын қамтиды. Дәл қазіргі сәтте 1XBET әлемдегі ең ірі букмекерлік компаниялардың қатарына кіреді.

«Отандық футболға деген демеушілердің сұранысы қуантады. Біз лиганың коммерциялануы үшін, одан әрі жұмысты жалғастыра береміз. Демеушілердің көмегі Бірінші лиганың дамуына жаңа серпін береді деп сенемін. Біз бұған дейін 1XBET компаниясымен бірге жүлде қоры 100 миллион теңгені құрайтын маусым алдындағы коммерциялық турнирді сәтті ұйымдастырған едік», - деп Qazaqstan Football League президенті Рафаэль Гарибян өз ойымен бөлісті.

Ойындар әр апта сайын өтеді. Футбол жанкүйерлері барлық матчтарды Q Football телеарнасы мен QFL.KZ сайтында тікелей эфирден тамашалай алады. Сондай-ақ, лиганың әлеуметтік желі парақшаларында сараптамалық мақалалар, ойындардың тактикалық құрылымдары мен статистикалық мәліметтер қолжетімді болады.

«Басты міндетіміз – отандық футболды жанкүйерге қызықты ету. QFL-дағы әріптестерімізбен бірге біз бұл мақсатқа жетуге тырысамыз. 1XBET компаниясы Бірінші лиганың бір бөлігі болғанына өте қуанышты. Біз отандық футболмен байланысымызды нығайтып, алдағы жылды жемісті түрде өткізетінімізге сенеміз», - деп, 1XBET компаниясының маркетинг бөлімінің басшысы орынбасары Санжар Тоқтасын пікірін білдірді.

Айта кетейік, осы маусымнан бастап, 1XBET QFL Бірінші лиганың қатысушы клубтарының барлық ойыншылары отандық футболшылардан жасақталуы тиіс.

Ойындардың толық күнтізбесі біздің Telegram-арнасында қол жетімді.
1 (2).png
2 (2).png
3.png
4.png
5.png
6.png