KZ
KZ RU
17 сәуір 2024 16:56
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

1XBET Бірінші лигасының 3-ші туры: дебютанттардың өзара матчы

17 сәуір 2024 16:56

18-19 сәуір күндері 1XBET Бірінші лигасы аясында 7 ойын өтеді.


18 сәуір


«Алтай» - «Арыс»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football телеарнасы

Өтетін жері: «Восток» стадионы (Өскемен)

Төрешілер: Бөкенов Аскар (Павлодар), Сайдуллаев Мансур (Қарағанды), Шепелев Владимир (Саран)

Қосалқы төреші: Проскуряков Илья (Өскемен)

Инспектор: Камчатный Геннадий (Алматы)

Біріншіліктің көш соңында келе жатқан клубтар кездеседі. «Алтай» әзірше бірде-бір ұпай ала алмай келеді. Ал «Арыс» командасы 1 рет тең ойнағанымен, қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Бірақ «Алтай» сапында негізгі құрамның 2 футболшысы қызыл қағазға байланысты шықпайды.


«Оқжетпес» - «Хан-Тәңірі»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q League телеарнасы

Өтетін жері: «Оқжетпес» стадионы (Көкшетау)

Төрешілер: Бильдинов Михаил, Ахвердиев Акбар (екеуі де Қарағанды), Мейірбаев Асылан (Өскемен)

Қосалқы төреші: Кучма Антон (Көкшетау)

Инспектор: Богданов Олег (Семей)

«Оқжетпес» бірінші рет өз алаңында доп тебеді. Өткен турда қос клуб та фаворит саналғанымен, жеңіске жете алмаған болатын. Көкшетаулық ұжым 2 ойында гол жібермеген «Хан-Тәңірінен» айласын асыра ала ма екен?


«Ақтөбе Ж» - «Қыран»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football телеарнасы

Өтетін жері: «ОМБЖОРСМ» стадионы (Ақтөбе)

Төрешілер: Ысқақов Марат (Астана), Шыңғысов Ерболат, Авакянц Данила (екеуі де Орал)

Қосалқы төреші: Тихонюк Юрий (Ақтөбе)

Инспектор: Вишниченко Анатолий (Қостанай)

«Ақтөбе Ж» әзірше жақсы шабуылдарымен көзге түсе алмай келеді. Кезекті қарсылас – 1ХВЕТ QFL Бірінші лиганың жоғарғы орнына үміткер – «Қыран». 2023 жылғы матчта «Қыран» 3:1 есебімен басым түскен болатын. Қонақтардың жеңіске жету мүмкіншілігі жоғары.


«Қайсар Жас» - «Екібастұз»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q League телеарнасы

Өтетін жері: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда)

Төрешілер: Сорокопудова Татьяна (Қарағанды), Ысқақов Темірбек, Равдель Вячеслав (екеуі де Орал)

Қосалқы төреші: Жұмашев Нұржан (Қызылорда)

Инспектор: Абданбаев Асхат (Тараз)

Қызылордалық жастар 2 турда 2 түрлі ойын өрнегін көрсетті. Барлығы олардың көңіл-күйіне байланысты. Алайда футболшылар құрамы жағынан «Екібастұз» өте мықты. Бірінші турда гол соға алмаған Асланбек Кәкімов секілді футболшы қанжығасын майлауға тырысады.


19 сәуір


«Ұлытау» - «Жетісай»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q League, Q Football телеарналары

Өтетін жері: «Металлург» (Жезқазған)

Төрешілер: Ысқақов Санжар (Қостанай), Бектұров Әлібек (Талдықорған), Ескенов Нұрсұлтан (Астана)

Қосалқы төреші: Филатов Иван (Саран)

Инспектор: Мухамедьяров Шараф (Семей)

Екінші лигадан көтерілген қос команданың мотивациясы жоғары. Бір реттен жеңілсе де, ойын тұрғысынан соңғы сәтке дейін алысып бақты. Дәл қазіргі сәтте «Ұлытау» сапынан Жасұлан Молдақараев ең көп соққы бағыттаған рейтингте көш бастап тұр. Дегенмен әлі гол соқпады.


«Түркістан» - «Тараз»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football телеарнасы  

Өтетін жері: Октябрь Жарылғапов атындағы стадион (Түркістан)

Төрешілер: Талапкеров Нариман (Орал), Быков Антон, Волков Артем (екеуі де Атырау)

Қосалқы төреші: Халилов Мурадбек (Шымкент)

Инспектор: Исаев Кеңесбек (Қызылорда)

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогында ел чемпиондарына қарсы ойында намысқа тырысқан «Тараздың» жас таланттары 0:2 есебімен есе жіберген болатын. Салыстырмалы түрде физикалық көңіл-күй алаң иелері жағында. Әйтсе де, «Тараз» 3 ұпай алуы әбден мүмкін.


«Қайрат-Жастар» - SD Family

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q League телеарнасы  

Өтетін жері: Тимур Сегізбаев атындағы академия (Алматы)

Төрешілер: Жантуғанов Еркен (Қызылорда), Бисекенов Әлім (Ақтөбе), Әліқұлов Ержан (Түркістан обл.)

Қосалқы төреші: Сәрсенбаев Нұрлан (Алматы)

Инспектор: Ибрагимов Құрбан (Шымкент)

Осы турдағы тағы бір қызықты матч. Гол соғу мүмкіндігі бойынша көшбасшы болса да, «Қайрат-Жастар» пенальтимен ғана гол соққан еді. Ал қонақтар бірінші рет сырт алаңда доп тебеді. Екеуінің де деңгейі бірдей.


Айта кетейік, «Ақжайық» - «Каспий» арасындағы кездесу Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай режиміне байланысты кейінге шегерілді. Ойындарды Q Arena, Q Football, Q League телеарналары мен QFL.KZ сайтынан тікелей эфирде көре аласыз.