РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

0:0

Печать
Кайсар
Премьер-лига , 2015 , 10 тур03 мая, 2015— 17:00
Кайрат
г.Кызылорда, стадион им.Г.Муратбаева 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Статистика

    Кайсар – Кайрат 0:0 

    Предупреждения: Ирисметов8, Цой 28, Кляйн 64 - Куат 41, Маркович 86

    Кайсар: Прядкин, Кляйн (к), Митошевич, Цой (Балымбетов 90+3), Ирисметов, Мулдаров, Балтаев, Мужиков (Нурдаулетов 86), Шестаков, Струков (Нехтий 70), Юнузович  

    Резерв: Нурмухаметов, Скорых, Нарзилдаев, Алтынбеков

    Кайрат: Плотников, Маркович, Рудосельский, Куат (Дарабаев 88), Плиев, Гурман, Бакаев, Исламхан (к), Исаэль (Риера 75), Гоу, Лунин (Сержиньо 82) 

    Резерв: Грошев, Ли, Куантаев, Сиссей

    Судьи: Антонов (Павлодар), Дерцапф (Уральск), Шарипов (Атырау) 

    3 мая. Кызылорда. Стадион им. Г.Муратбаева. 4 800 зрителей

     

    Оныншы турдың орталық кездесуінде Қызылорданың «Қайсары» Алматының «Қайрат» командасын қабылдап, 0:0 есебімен тең түсті. Осылайша Дмитрий Огай шәкірттері турнир кестесіндегі үздік төрттіктің де ұпайларын тартып алып отыр.

             Матч 28 сәуірде дүниеден өткен әйгілі әнші, композитор, алаш жұртына өшпес мұра қалдырған Батырхан Шүкеновтің құрметіне орай, бір минуттық үнсіздікпен басталып, футболшылар алаңға қолдарына қара таспа байлап шықты.

             Ал Қызылорданың аптаған ыстығында өткен ойында қонақтар бірден өздерінің фаворит екендіктерін көрсетті. Дегенмен, әрдайым тактикалық талғамымен ерекшеленетін Дмитрий Огай көшбасшыларға қарсы қалай ойнау керектігін кезекті рет дәлелдеп, «Қайрат» шабуылшыларына ешқандай да мүмкіндік бермеді. Негізі матч бастала салысымен алматылықтардың есепте алға шығатын мүмкіндіктері болған. Бірақ Станислав Луниннің оң қапталдан асырған пасына Жерар Гоу сәл ғана жетпей қалды. Одан кейін «Қайсар» да қарқынын арттыра түсті. Екі мәрте қонақтардың қорғаушылары өте қауіпті тұстан Кирилл Шестаковқа қарсы ойын ережесін бұзды. Алғашқысында Данил Цой айып добын орындауда мүлт кетсе, екіншісінде Серікжан Мужиков допты шиіре теуіп, қорғаушыларға тигізді.

             Екінші таймда алаңға біржола бейімделіп алған алматылықтар алғы шептерін тіптен күшейте түсті. Бірақ қақпашымыз Кирилл Прядкин көлденең келген доптың барлығын қайтарып, «Қайсарды» талай қауіптен құтқарып жатты. Тіпті, ойын соңына таман команда капитаны Мартин Кляйн қателескенде де, өзімен жеке-дара шыққан Жерар Гоудың аяғынан допты жұлып алған да Прядкин.

    Сонымен, қорытынды есеп – 0:0. «Қайсар» енді Премьер-лига аясындағы келесі ойынын 7 мамыр күні Қостанайда жергілікті «Тобылға» қарсы өткізеді.

     

    Владимир Вайсс, «Қайрат» ФК бас бапкері:

    -           Ойынның тең есеппен аяқталғаны әділетті болды. Өйткені, алаң иелері де бізге барынша қарсылық көрсетіп, қарымдылығын танытты. Бізде гол соғатын көптеген мүмкіндіктер болған. Алайда, шабуылда дәлдік жетіспей жатты. Сондай-ақ, Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионның алаңы да өте нашар болды. Шөбі өсіп кеткендіктен жылдам футбол ойнауға мүмкіндік болмады.

    -           «Қайсар» сапында қай ойыншыларды ерекше атап өтер едіңіз?

    -           Қақпашы Кирилл Прядкин талай қауіптен аман сақтап қалды. Сондай-ақ, бүгін бір рет өте өрескел қателік жіберіп алғанына қарамастан өткен жылдан бері Мартин Кляйн да команданы сүйреп жүр. Нағыз капитан, нағыз лидер екені көрініп тұр. Айта берсең Серікжан Мужиков пен Сергей Струков та жақсы ойнады.

     

    Дмитрий Огай, «Қайсар» ФК бас бапкері:

    -           Екі команданың да ойыны өте сылбыр болды. Бәлкім, күннің ыстықтығы шығар, жігіттерге футбол ойнау өте ауыр тиді. Сондықтан, ойын туралы ойым екі ұшты.

    -           Юрай Пирошканы соңғы кездері көрмей жүрміз...

    -           Мен де оны көрмей жүрмін. Ойынға құлқы жоқ футболшыны қалай қинап алаңға шығарамын. Бірде ауырып қалады, бірде көңіл-күйі болмайды, жаттығуларда да сылбыр. Рас, дубльдік команда сапында алаңға шығып жүр. Дегенмен, ол жақта да жарытып жүргені шамалы.

    -           Трансферлік науқанда команданы күшейтудің мүмкіндігі бола ма?

    -           Әлбетте күшейгіміз келеді. Дегенмен, барлығы да сол уақытта белгілі болады. Маған алдымен алдағы ойындар туралы ойлану қажет. Өйткені, біраз ойыншы жарақат алып қалған. Өткен матчта Жасұлан Молдақараев жарақат алды, оның алдында Римо Хунт жараланды. Сондықтан, алдымен құрамада бар жігіттерді бір реткен келтіріп алу қажет.

     

     

    В центральный матч 10-го тура не определил нам победителя. Кызылординский «Кайсар» дома сыграл вничью с алматинским «Кайратом». Таким образом, подопечные Дмитрия Огая отбирают у всех лидирующих четверок Премьер-лиги.

    Встреча началась с минуты молчания в честь выдающегося певца и композитора БатырханаШукенова, покинувшего нас 28 апреля на 53-м году жизни. А сами футболисты вышли на поле в черной повязке на рукаве.

    Может быть жаркая погода внесла свои коррективы на матч, но нужно признать, что обе команды выглядели вяло и игра шла до гола. Но, забить в этот день не было суждено ни тем, и другим. Да, был момент, когда в начале первого тайма после прострела Станислава Лунина не дотянулся до мяча Жерар Гоу. Затем уже гости дважды сфолили на Кирилле Шестакове в очень опасных зонах. К сожалению, штрафные удары Данила Цой и СерикжанаМужикова не достигли целей.

    Во втором тайме алматинская дружина активизировалась. Но, страж ворот «волков» Кирилл Прядкин как всегда был безупречен. Даже в том моменте, когда ошибся сам Мартин Кляйн голкипер «Кайсара» сумасшедшим прыжком выручил от неминуемого гола.

    В целом, можно сказать игра была построена в основном в тактической борьбе, где всегда своим умением хорошо использовать своих футболистов славился Дмитрий Огай. Как отметили сами же тренеры команд, итог закономерен – счет 0:0. Теперь свой следующий поединок кызылординская команда проведет 7 мая в Костанае против местного «Тобола».

    Кайсар - Кайрат 0:0 (0:0)

    Кайсар:

    Резерв:

    Кайрат:

    Резерв:

    .

    03 мая, 2015, 17:00 . г.Кызылорда, стадион им.Г.Муратбаева. 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 8069 )