РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

0:0

Печать
Кайсар
Премьер-лига , 2015 , 5 тур05 апреля, 2015— 16:00
Атырау
Кызылорда, "Локомотив" 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Статистика

    Кайсар – Атырау 0:0 

    Предупреждения: Шестаков 60, Нехтий 68 - Эссаме 82

    Кайсар: Прядкин, Кляйн, Балтаев, Цой, Розыбакиев, Скорых, Шестаков (к), Нехтий, Нарзилдаев (Струков 68), Пирошка (Мужиков 61), Юнузович (Хунт 80)

    Резерв: Сейдахмет, Мулдаров, Вороговский, Митошевич

    Атырау: Нарзикулов, Чичулин, Одибе, Григорьев, Кузьмин, Эссаме (к), Аржанов (Диакате 79), Байжанов, Пархачев (Тлешев 73), Маров, Трифунович (Иванович 62)   

    Резерв: Байтеряков, Сапаров, Чуреев, Нурыбеков

    Судьи: Гаузер (Петропавловск), Обрядов, Богданов (оба - Семей)

    Дополнительные ассистенты судьи: Антонов (Павлодар), Абданбаев (Тараз)

    5 апреля. Кызылорда. Стадион «Локомотив». 3 000 зрителей

     

    Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы биылдыққа өз алаңында әлі есеп аша алар емес. Ойындары бірыңғай 0:0 нәтижесімен аяқталып жатыр. Бұл жолы Дмитрий Огай шәкірттері өз алаңында «Атыраумен» тең түсті.

    Қазақстан Премьер-лигасының 5-туры болатын. Турнир кестесіндегі көршілердің «Локомотив» стадионындағы ойыны қауіпті шабуылдарға толы болғанымен екі команданың да шабуылшылары қақпа кілтін таба алған жоқ. Ал қонақтар қақпасын тіпті, сиқырлап тастағандай әсер қалдырды. Олай дейтініміз, Данил Цойдың әдемі асырған пасынан кейін Эдин Юнузовичке гол соға алмау мүмкін еместей еді. Ашық тұрған қақпаға екі метрден тепкен хорват шабуылшысы «теңбіл снарядты» Жасур Нарзикуловтың қолына ұстата салды. Бұдан бөлек те талай тартымды шабуылдар ұйымдастырдық. Бірақ шабуылшыларымыздың соққылары бірде қақпашының қолынан табылып жатса, бірде сәл ғана қиыс ұшып жатты. Ал ойынның аяқталуына небәрі санаулы минуттар қалғанда Серікжан Мужиков ашық тұрған қақпаның алдында қасқайып тұрып, әдемі жеткен допқа аяғын дұрыс қоя алмады.

    Осылайша 90 минуттың жартысынан астамын шабуылмен өткізгеніне қарамастан «Қайсар» өз алаңында тағы да гол соға алмай пұшайман болды. Енді жерлестеріміз келесі кездесуін 11 сәуір күні түзде «Ақтөбеге» қарсы өткізеді. 

    Владимир Никитенко, «Атырау» ФК бас бапкері:

    Қызылордаға жеңіс үшін келгенбіз. Бірақ ойынның оңай болмайтынын түсіндік. «Қайсар» жеңісті оңайлықпен бере қоймайтын қарымды команда. Жеңіліп те қалуымыз мүмкін еді. Ойынның басында және соңында алаң иелерінің гол соғатын тамаша мүмкіндіктері болды. Ал тең есепке қанағаттанамын.

    «Қайсар» сапында қай ойыншыларды атап өте аласыз?

    Мен «Қайсар» түгілі өз ойыншыларымды да әлі дұрыс білмеймін. Ойын барысында алаң иелерінің ойыншыларына қарап отыратын уақыт болмады. Оның үстіне, маусым енді басталды. Сондықтан, ойыншылардың ашылуына әлі уақыт керек. 

     

    Дмитрий Огай, «Қайсар» ФК бас бапкері:

    Бұл ойын маған бірінші тур аясындағы «Қайсар» - «Жетісу» кездесуін елестетті. Ол ойында да екі команда қанша жерден шабуылдағанымен гол соға алмай кеткен еді. Өкінішке қарай, бұл жолы да қонақтар қақпасының кілтін таба алмадық.

    Пламен Димов «Қайсардан» кетіп, оның орнына басқа ойыншылар келді деп естідік. Сол рас па?

    Иә, Димов жаттығу кезінде өте ауыр жарақат алып қалды. Маусымның соңына дейін алаңға шыға алмайды. Сөйтіп, трансферлік терезенің жабылуына үш күн қалғанда шұғыл түрде ойыншы іздеуіміз қажет болды да, орнына Фук Митошевичті алдырттық. Әлбетте, бүгін мен оны бірден бірінші минуттан алаңға шығарып жібергім келді. Бірақ ойлана келе алдымен Қазақстан футболының атмосферасына бейімделсін деген шешімге келдім. Сондай-ақ, «Қайраттан» жалға Сергей Кейлерді алдырттық.

     

    Кызылординский «Кайсар» в домашнем матче снова не смог распечатать ворота гостей. На этот раз повезло команде «Атырау». Подопечные Дмитрия Огая имея полное преимущество в матче, так и не смогли открыть счет в домашнем матче.

    Сначала после мягкого навеса с левого фланга в пустые ворота не попал хорватский легионер Эдин Юнузович. Удар форварда хозяев с двух метров получился слишком слабым, да и пришелся «снаряд» прямо в руку голкипера. После, опасными ударами с дальней дистанции отметились Юрай Пирошка и Думан Нарзилдаев. А во втором тайме активизировались уже гости из Атырау. Но страж ворот «волков» как и всегда в это вечер был безупречен. Сначала Кирилл Прядкин с убойной позиции отразил удар Милоша Трифуновича, затем не дал забить вышедшему один на один Ги Стефану Эссаме. А в конце матча свой момент упустил уже Серикжан Мужиков. Поставь правильно ногу седьмому номеру хозяев, мяч катился уже на воротах. Но увы, нападающим «Кайсара» по прежнему не везет в домашних матчах.  

     

    Пресс-служба ФК "Кайсар"

    Кайсар - Атырау 0:0 (0:0)

    Кайсар:

    Резерв:

    Атырау:

    Резерв:

    .

    05 апреля, 2015, 16:00 . Кызылорда, "Локомотив". 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 7882 )