РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

0:0

Печать
Кайсар
Премьер-лига , 2015 , 3 тур15 марта, 2015— 15:00
Ertis
Кызылорда, "Локомотив" 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Статистика

    Кайсар – Иртыш 0:0 (0:0)

    Предупреждения: Алтынбеков 38, Димов 60, Балтаев 73 – Чернышов 16, Сартаков 80

    Удаление: Чернышов 76 (Иртыш)

    Кайсар: Прядкин, Кляйн (к), Балтаев, Ирисметов, Розыбакиев, Димов, Скорых, Цой (Вороговский 70), Мужиков (Молдакараев 80), Струков, Алтынбеков (Юнузович 65). Резерв: Сейдахмет, Мулдаров, Шестаков.

    Иртыш: Калмыков, Алиев, Кислицын, Чернышов, Самсонов, Смаков(К), Гетериев (Аяганов 88), Изу, Гатагов (Граф 79), Сартаков, Бансе.

    Резерв: Толебаев, Седельников, Сулей, Нургалиев, Ерсалимов.
    Судьи: А.Гаузер (Петропавловск), А.Павлов (Алматы), М.Панин (Костанай)

    15 марта. Кызылорда. Стадион «Локомотив». 3 000 зрителей

     

    Бір рет есеп ашып алса, ойындары жүріп кететіндей көрінеді де тұрады. Әйтпесе, аяқ алыстары жаман емес. Қорғаныста сақ, шабуылда шапшаң. Дегенмен, сәл сәттіліктің жетпей жатқаны байқалады. «Ертіске» қарсы өткен кездесуде де жерлестеріміз ойын тізгінін толықтай өз қолдарында ұстағанымен қонақтар қақпасының құлпын бұза алмады.

    «Қайсар» (Қызылорда) – «Ертіс» (Павлодар) 0:0

             Өткен турлармен салыстырғанда алаң иелерінің бас бапкері Дмитрий Огай құрамға бірнеше өзгеріс енгізді. Мәселен, Алексей Мулдаровтың орнына бірінші минуттан Алдан Балтаев шықса, орталық шепте Қайрат Нұрдәулетовтің орнында Пламен Димов ойқастады. Сол сияқты, шабуылда Елжас Алтынбековке үміт артылды. Ал, қонақтар сапында иығынан жарақат алып қалған қақпашы Давид Лорияның орнына алаңға Никита Калмыков шықты.

             Матч басталғаннан-ақ қонақтар қақпасын піспектегенімен жерлестеріміз Калмыков қақпасынан саңылау таба алмады. Бірде Елжас Алтынбеков ойыннан тыс қалып қойса, бірде Сергей Струков үшін қапталдағы төреші жалаушасын көтеріп жатты. Осылайша қорғаушылардан өте алғанымен төрешінің офсайдтарынан тосылып қалып жатқан шабуылшыларымыздан амал кетіп, Калмыков қақпасын алыстан көздей бастады. Бірақ бұл жолы да жолымыз болмады. Дегенмен, Елжас Алтынбековтің ерлігін айта кету керек шығар. Әккі қарсыластарынан еш қымсынбай, Кислицын мен Чернышевтің жиі қитығына тиді.

             Екінші тайм да дәл осындай сценариймен өрбіді. Қызылордалықтар қанша жерден шабуылдағандарымен Самат Смақов бастаған қонақтар қорғанысты сауатты құрып, қақпа маңайына көп жақындатқан жоқ. Ал Сергей Струков сытылып шыққан сәтте әлгі Чернышев шалып жығып, алаңнан қуылды. Алайда алаң иелеріне қарсы «Ертіс» футболшылары кем құрамда да қарсы тұрып, тең есепті сақтап қалды. Қорытынды есеп – 0:0. «Қайсар» енді өзінің келесі ойынын 21 наурыз күні Теміртауда Қарағандының «Шахтеріне» қарсы өткізеді.

     

    Дмитрий Черышев, «Ертіс» ФК бас бапкері:

    -           Біз Қызылордаға тек жеңіс үшін келгенбіз. Бірақ жолымыз болмады. Әйтпесе, командамның ойыны ұнады. Кездесуден соң жігіттердің көздерінен қуаныш емес, мұң көрдім. Демек, футболшыларым да тең есепке қанағаттанған жоқ.

    -           Қазақстан футболында жүргеніңізге үш тур болды. Осы аралықта не ерекшелік байқадыңыз?

    -           Жаттығу жиындары кезінде барлық команданы көргенмін. Ойындарымен танысқанмын. Бірақ чемпионат барысында командалар мүлдем құлпырып шыға келді. Өзіндік ерекшеліктері мол қызықты да, тартысты чемпионат.

    -           «Ертіс» командасының алдына қандай мақсат қойылған?

    -           Биыл Павлодар футболына 50 жыл. Сондықтан, жанкүйерлер бізден әр матчта тек қана жеңіс талап етеді. Басты мақсатымыз – үздік алтылықтан көріну.

     

     

    Дмитрий Огай, «Қайсар» ФК бас бапкері:

    -           Гол соғуға қаншалықты тырысқанымызбен қарсылас қақпасының кілтін таба алмадық. Енді әрі қарай да осы бағытта жұмыс жасайтын боламыз.

    -           Думан Нәрзілдаев дубльдік команда сапында екі ойында да тамаша көрсеткіш көрсетіп, төрт гол соқты. Ол алдағы уақытта негізгі құрамда хаттамаға ене ала ма?

    -           Думанның шеберлігіне ешкім күмән келтірмейді. Дегенмен, ол дубльдік командада өзінен әлдеқайда жас балаларға қарсы ойнап жүр. Бірақ, негізгі құрамнан кез-келген футболшының үміті бар.

    -           Алексей Мулдаров бүгін негізгі құрамда алаңға шыққан жоқ. Бұл немен байланысты? Өткен ойында қателік жібергенінің кесірі ме?

     

    -           Бізде негізгі құрамда 24 ойыншы бар. Барлығы да алаңға шыққысы келеді және қай-қайсысының болмасын, ойыннан үміттері зор. Сондықтан, өткен ойындарға емес, дайындықтарына қараймын. Кім жаттығуда жанын салады, сол алаңға шығады.

    Кайсар - Ertis 0:0 (0:0)

    Кайсар:

    Резерв:

    Ertis:

    Резерв:

    .

    15 марта, 2015, 15:00 . Кызылорда, "Локомотив". 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 7832 )