РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

0:0

Печать
Кайсар
Премьер-лига , 2015 , 1 тур07 марта, 2015— 15:00
Жетысу
Кызылорда, стадион "Локомотив" 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Статистика

    Кайсар – Жетысу 0:0

    Предупреждения: Ирисметов 59 – Сариев 66

    Кайсар: Прядкин, Кляйн, Мулдаров, Ирисметов, Цой (Вороговский 80), Нурдаулетов, Шестаков (к), Нехтий (Струков 75), Мужиков (Молдакараев 63), Пирошка, Хунт  

    Резерв: Сейдахмет, Димов, Розыбакиев, Алтынбеков

    Жетысу: Пасеченко (к), Амирсеитов, Киров, Михайлов, Сагындыков, Хайруллин (Адильханов 90+1), Цветкович, Шахметов (Азовский 62), Сариев, Савич, Деспотович  

    Резерв: Шабанов, Ковалев, Родионов, Мынбаев, Сейдахметов

    Судьи: Абдуллаев (Каратау), Филоненко (Тараз), Козлов (Актау)

    7 марта. Кызылорда. Стадион «Локомотив» 2 500 зрителей

     

             2015 жылы Қазақстанда алғаш болып ел чемпионатын Қызылорда қаласы ашты. Өзге ойындардан бес минутқа ерте басталған «Қайсар» - «Жетісу» кездесуі аса тартысты өткеніне қарамастан жанкүйерлер алғашщқы кездесуде қақпаға соғылған голды тамашалай алмады. Қорытынды есеп – 0:0.

    «Қайсар» (Қызылорда) – «Жетісу» (Талдықорған) – 0:0

    Бас төреші: Бағдат Абдуллаев (Қаратау)

             Маусымды Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ашып берді. Көпшілік алдында сөз алған аймақ басшысы «Қайсарға» сәттілік тілеп, команда үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты. «Доп домалақ, алаң тегіс», - деген Қырымбек Елеуұлы биыл Дмитрий Огай бастаған жерлестерімізге үлкен үміт артатынын жасырмады. Ал содан кейін әдеттегідей, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалып, бас төреші Бағдат Абдуллаев ойынды бастауға рұқсат берді.

             Өткен маусыммен салыстырғанда екі команданың да құрамы шамамен 60 пайызға жаңарған. Бірқатар білікті ойыншылармен толығып, біраз футболшыларымен қоштасқан. Бірақ, бірінші матчтан байқадық, «Қайсар» да, қаржыдан қағажу көрді деп әңгіме шыққанына қарамастан Талдықорғанның «Жетісу» командасы да жаңа маусымға тыңғылықты дайындалып келіпті. Әсіресе, қорғаныс шептері мықты екен. «Қайсардың» қауіпті шабуылдарының барлығын дер кезінде тоқтатып, алаң иелеріне гол соғатын мүмкіндіктер бермеді. Әйтсе де, Серікжан Мужиков пен Владислав Нехтийда бірінші таймда, Юрай Пирошка мен Римо Хунтта екінші таймда гол соғатын керемет мүмкіндіктер болған. Бірақ алғашқы екеуінің соққылары маңдайшадан сәл ғана биік кетсе, Жасұлан Молдақараевтың әдемі пасынан кейін Юрай Пирошканың соққысы қақпа бағанасынан кері серпілді. Ал Римо Хунт Андрей Пасеченкомен жеке-дара шығып, қақпашыдан айласын асыра алмады. Осылайша «Қайсардың» қарқынды шабуылдарымен өткен ойын тең нәтижемен аяқталып, екі команда еншілеріне бір-бір ұпайдан жазды.

             Әлбетте, ең бастысы қазір футболшылардың түсіністігі. Ойын бар, ең бастысы, жігіттер бір-біріне бейімделіп алса, онда жеңістердің де ауылы алыс емес.

     

    Асқар Қожабергенов, «Жетісу» футбол клубының бас бапкері:

    -                     Жеңіп те кетуіміз, жеңіліп те қалуымыз мүмкін еді, бүгінгі ойында. Бірақ тең есепке разымын. Егер екінші таймда қақпа бағанасы болмағанда доп қақпамызда тулап жатар еді. Ал «Қайсар» маған ұнады. Дмитрий Огайды жақсы білемін. Бұрыннан доспыз. Сондықтан, оның мықты команда жасақтай алатынына сенемін.

    -                     Маусым барысына қойған мақсаттарыңыз қандай?

    -                     Негізгі мақсат – бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша үздік алтылықтан орын алу. Одан кейінгісін көре жатармыз.

     

    Дмитрий Огай, «Қайсар» футбол клубының бас бапкері:

    -                     Ойынның тең аяқталуы – заңдылық. Маусымның бірінші кездесуі болғандықтан ойынға бір мәннің жетпей жатуы түсінікті. Әлбетте, гол соғатын мүмкіндіктер болды. Тек, соларды тиімді пайдалану керек еді.

    -                     Келесі ойынды «Оқжетпеске» қарсы өткізесіздер. Көкшенің командасы жайлы не айтасыз?

    -                     «Оқжетпес» те оңай шағылар жаңғақ емес. Ең бастысы, бұл команданың бас бапкері өте білікті. Таныстырып жатудың да қажеті жоқ шығар.ъ

     

    Пресс-служба ФК "Кайсар"

    Кайсар - Жетысу 0:0 (0:0)

    Кайсар:

    Резерв:

    Жетысу:

    Резерв:

    .

    07 марта, 2015, 15:00 . Кызылорда, стадион "Локомотив". 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 7750 )