РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

1:0

Печать
Жетысу
Премьер-лига , 2014 , 32 тур09 ноября, 2014— 15:00
Ertis
г.Талдыкорган, "Жетысу" 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Жетысу – Иртыш 1:0 (0:0)

    Голы: Р.Сариев 65

    Предупреждения: Эргашев19, Зотов 39 – Булгару 14, Джудович 38

    Жетысу: Пасеченко (к), Кузьмин (Ковалев 87), Эргашев, Климавичус, Кадио, С.Сариев, Зотов, Путинчанин, Р.Сариев (Адилханов 78), Татишев (Шафф 71), Демель  

    Резерв: Плотников, Сапиянов, Нусипжанов, Ахметович

    Иртыш: Котляр, Коробов, Чучман, Джудович, Булгару, Аверченко (Юрин 46), Мухутдинов (Аяганов 73), Иванов (к), Валеев, Тотай, Бегалин (Аманов 61)    

    Резерв: Бурзанович, Дудченко, Калмыков, Андреев

    Судьи:  Гаузер (Петропавловск), Кошкаров (Алматы), Аубакиров (Астана)

    9 ноября. Талдыкорган. Стадион «Жетысу». 1 000 зрителей

     

    Премьер-Лига ойындырының соңғы туры да өз мәресіне жетті. Үздіктер алға шығып, екінші алтылықта өнер көрсеткен командалардың да тағдыры шешілді. Өз алаңында жеңіске жеткен талдықорғандық «Жетісу» командасының көңілі көтеріңкі. Соңғы шешімге дейін тағдыры қыл үстінде келген жетісулық футбол командасы Павлодардың «Ертісін» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

    Күннің суықтығына қарамай жетісулық жанкүйерлер орталық алаңға көп жиналды. Өздерінің сүйікті командасына қолдау көрсеткен жанкүйерлердің де еңбегін жоғары бағалаған жөн. Сонымен Ел чемпионатының 32 туры «Жетісу» командасы үшін сәтті болды. Алаңға шыққан қос команда да жан алып жан берісті. Бірінші таймның алғашқы минуттарында қонақта өте қарқынды болды. Кездесудің 4 минутынды Бегалиннің орындаған айып добы қақпа бағанына тиіп кері қайтты.  Одан кейінде қонақтар қақпаға қауіпті сәттер тудырды. Ойынның 10 минутында  Р. Сариев бұрыштымы добын орындады. Оған бұрын секірген Кадио баспен соққанымен қорғаушыдан кері қайтты. Оналтылықтың ішінде тұрған Эргашевқа жақсы келгенімен Эргашев қақпадан жоғары тепті. Бұл ойынды Саят жақсы қырынан көрінді. 19 минутта оң қапталдан алға қарай пас асырды. Өкінішке орай Татишев жетпеді.  Кездесудің ортасына қарай алаң иелері қарқын алды. 33 минутта Татишев сол қапталдан пас асырған. Оңтайлы келген пасты дұрыс қабылдағанымен  Боти асығыстық танытып, жүз пайыз есеп ашу мүмкіндігін мүлт жіберді. 36 минутта қонақтар өте қауіпті соққы жасады. Пасеченко қорғаған қақпаны Бегалин дәл көздеген. Абырой болғанда қос қолын қойып қақпадан асырып жіберді. Сонымен бірінші тайм тең аяқталды.

    Екінші таймда алаң иелері үлкен серпінмен шықты. Осы жерде айта кетерлігі ауа райының қолайсыздығы ойыншыларға едәуір қолайсыздық туғызды. Бірде қар, бірде сіркіреп жауған жаңбыр қос команданың ойыншыларын әбігерге түсірді. Алаңда аяқтарын алып жүгіру қиындық соқса да футболшылар жанкүйерлерін жерге қаратпауға тырысты.  Кездесудің 65 минутында қорғаушылардан сытылып шыққан Р. Сариев есеп ашып, командасын алға шығарды. Таразы басын өздеріне аударған алаң иелері қарқынды одан ары үдетті. Қонақтар қанша тырысқанымен таблодағы санды өзгерте алмады. Маусымды жеңіспен аяқтаған «Жетісу» командасы Премьер-Лига ойындарын 8 орынға тұрақтады.

     

    Баспасөз мәслихаты:

    Черышев Д. Н «Ертіс» командасының бас жаттықтырушысы:

    Мен біріншіден «Жетісу» командасын жеңіспен құттықтаймын. Бүгін екі командаға да оңайға соқпады. Ауа райы қолайсыз болса да жігіттер барын салды. Бізде бірінші таймда да, екінші таймда да мүмкіндіктер болды. Бірақ оны біз өз пайдамызға шеше алмадық.

     

    Қожабергенов А.С «Жетісу» командасының бас жаттықтырушысы:

    Біріншіден маусымның аяқталуымен барша жанкүйерлер мен футболшыларды құттықтыймын. Әсіресе жергілікті жанкүйерлерге алғысымыз шексіз. Ал ойынға келер болсақ, жігіттер жақсы ойын көрсетті. Бұл ұпай біз үшін үлкен рол атқаратыны белгілі. Сондықтан кездесудің бірінші минутынан бастап қолдан кегеннің барлығын жасадық. Алаңда қозғалыс қиын болғанымен тапсырманы нақты орындап, жеңіске жетті. Сондықтан команданың ойынына ризамын.  

     

    Пресс-служба ФК "Жетысу"

     

    Жетысу - Ertis 1:0 (0:0)

    Жетысу:

    Резерв:

    Ertis:

    Резерв:

    .

    09 ноября, 2014, 15:00 . г.Талдыкорган, "Жетысу". 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 7674 )