РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

2:1

Печать
Кайсар
Премьер-лига , 2014 , 32 тур09 ноября, 2014— 15:00
Шахтёр
г.Кызылорда, стадион им.Муратбаева 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Кайсар – Шахтер 2:1 (0:1)

    Голы: Масло 18 (0:1), Молдакараев с пенальти 52 (1:1), Молдакараев с пенальти 80 (2:1)

    Предупреждения: Кунов 43, Молдакараев 62 - Муртазаев 43, Габышев 51, Масло 79

    Кайсар: Прядкин, Фурдуй, Яблан, Кулибали, Кунов, Землянухин, Шестаков (к) (Остапенко 89), Струков, Нехтий (Марушко 82), Калинин (Молдакараев 39), Хунт  

    Резерв: Ширяев, Алтаев, Нарзилдаев, Алтынбеков

    Шахтер: Мокин (к), Порываев, Габышев (Саломов 60), Малый, Масло (Байжанов 84), Киров, Конысбаев, Вичюс, Покривач, Муртазаев, Топчагич (Мурзоев 67)    

    Резерв: Покатилов, Борантаев, Жангылышбай, Ермеков

    Судьи:  Искаков, Кусаинов (оба – Астана), Попов (Усть-Каменогорск)

    9 ноября. Кызылорда. Стадион «Центральный». 4 000 зрителей

     

     

      Қызылорданың «Қайсары» ел чемпионатын жеңіспен аяқтады. Соңғы турда Қарағандының «Шахтерін» қабылдаған жерлестеріміз жеңіліп жатып, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 2:1. «Қайсар» маусымды 5-орынмен аяқтады.

    Соңғы тур. Футболшылардың көңіл үйлерін айтпағанда, жанкүйерлердің де көңілдері ерек. Бір жағынан чемпионатты қимастық бар, екінші жағынан «Қайсарға» деген алғыстарын жеткіздуң жолдарын қарастырып әлек. «Дала қасқырлары» стадион трибунасына жарты секторды қамтитындай баннер іліпті. Онда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен бас бапкер Дмитрий Огайдың шаржы салынған. «Рахмет, шын жүректен» деген жазуы тағы бар. Одан бөлек, матч болардан бір күн бұрын дәл осы фан-қозғалыс қаладағы «Жібек жолы» сауда орталығында флешмоб ұйымдастырып, билеп шықты. Дәл осы қойылымды ойын алдында да стадионда көпшілікке паш етті. Ал «Жастар» фан-клубы ойын кезінде стадиондағы бүкіл көрерменнің қолтаңбаларын үрмелі шарларға жинап шығып, екінші таймда бәрі бір мезетте ұшырды. Міне, жанкүйерлердің командаға деген алғыстары осындай болды.

    Әлбетте, бәрі орынды. Команда биыл ешкім күтпеген нәтиже көрсетті. Былтыр ғана Бірінші лигада ойнаған қызылордалықтар биыл Премьер-лигада фурор жасады. Ә дегеннен-ақ қарсыластарына азуын батыра білген «қайсарлықтар» біраз команданың ұпайын тартып алды. Қызылордадан жалқы ұпайға зар болып кеткендер де жетерлік. Дегенмен, соңғы түйенің жүгі қашан да ауыр болатыны белгілі емес пе?! Соңғы тур шынымен де уайым болды. Егер жеңсе, бесінші орында тұрақтамақ, жеңілсе – алтыншы орын. Оның үстіне, матч та көпшілік күткендей оңай басталмады. «Шахтер» де білектерін сыбана келген екен, төрешінің алғашқы ысқырығы естіле салысымен қақпамызға лап қойды. Ақыры 18-минутта дегендеріне жетіп, Ян Масло стандартты жағдайдан кейін баспен гол соғып кетті, - 0:1.

    Алайда, қонақтардың қуанышы көпке созылған жоқ. Қашан да керемет тактикасымен дараланып тұратын Дмитрий Огай бірінші таймның аяқталуына алты минут қалғанда алаңға Жасұлан Молдақараевты шығарды. Бұл өткен жылы 28 гол соғып, команданың ғана емес, Бірінші лиганың үздік сұрмергені атанған Молдақараевтың гол соғатын соңғы мүмкіндігі еді. Ақыры дегеніне жетті. Алдымен 52-минутта Владислав Нехтийді шалып жыққаны үшін төреші белгілеген пенальтиден кейін Жасұлан 11-метрлікті мүлтіксіз орындаса, ойынның аяқталуына он минут қалғанда тағы да пенальтиден көзге түсіп, дубльдің авторы атанды. Осылайша, қорытынды есеп – 2:1, «Қайсар» маусымды 5-орынмен аяқтады.

    Виктор Кумыков, «Шахтер» футбол клубының бас бапкері:
    - Ойын тағдырын екі пенальти шешіп кетті. Дегенмен, «Қайсар» футболшыларының жеңіске деген құлшыныстары басым болғанын да айта кетуіміз керек. 5-орынға лайық ойын көрсетті. Маусым бойына жақсы ойнады.

    - Төреші пенальт кезінде қателесті деп ойлайсыз ба?
    - Жоқ, бірақ бұл екі 11-метрліктен бөлек, төреші тағы екі жерде пенальти белгілеуі тиіс еді. Біреуі біздің қақпамызға, екіншісі «Қайсар» қақпасына.

    - Келесі маусымда «Шахтерде» қаласыз ба?
    - Бұл маған байланысты емес. Жағдайдың қалай боларын бағамдаймыз әлі.

    Дмитрий Огай, «Қайсар» футбол клубының бас бапкері:
    - Маусым бойы бізді қолдаған жанкүйерлерге алғыс білдіремін. Футболшыларыма да рахмет айтқым келеді. Жағдайымызды жасаған облыс басшылығына да ерекше алғыс. Дегенмен, алда бізді әлі талай жұмыстар күтіп тұр.

    - Келесі маусымда «Қайсарда» қаласыз ба?
    - Оны уақыт көрсетеді. Біз бұл жайында облыс басшылығымен аз-кем әңгімелескенбіз. Ортақ мәмілеге келеміз деп ойлаймын.

    Ойыннан кейін Нартай Бекежанов атындағы облыстық театрда «Қайсар» футбол клубының қатысуымен жылдың қорытынды кеші өтіп, облыс әкімінің орынбасары, Қызылорда облыстық футбол федерациясының президенті Нұржан Әлібаев командаға алғысын білдіріп, «Қайсардың» еурокубокта ойнайтын кезі келетініне сенім білдірді.

     

    Кайсар - Шахтёр 2:1 (0:0)

    Кайсар:

    Резерв:

    Шахтёр:

    Резерв:

    .

    09 ноября, 2014, 15:00 . г.Кызылорда, стадион им.Муратбаева. 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 7671 )