РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

2:2

Печать
Кайсар
Премьер-лига , 2014 , 30 тур26 октября, 2014— 16:00
Актобе
г.Кызылорда, стадион им. Муртабаева 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

     

    Кайсар – Актобе 2:2 (1:2)

    Голы: Антонов 20 (0:1), Антонов 40 (0:2), Землянухин с пенальти 45+1 (1:2), Фурдуй 87 (2:2)

    Предупреждения: Фурдуй 53 – Антонов 35, Арзуманян 83, Тагыберген 86, Логвиненко 87

    Удаление: Мирошниченко 45

    Кайсар: Прядкин, Балтаев, Яблан, Кулибали, Розыбакиев, Фурдуй, Струков (к), Калинин (Алтынбеков 73), Остапенко, Хунт, Землянухин (Молдакараев 75)

    Резерв: Ширяев, Кунов, Алтаев, Марушко, Нехтий

    Актобе: Сидельников, Царикаев, Мирошниченко, Пиззелли (Кападзе 73), Хайруллин (к), Арзуманян, Тагыберген, Коробкин, Логвиненко, Сантана, Антонов (Зенькович 89)

    Резерв: Бекбаев, Мулдаров, Неко, Шабалин, Аймбетов

    Судьи: Кучин (Караганда), Аубакиров (Астана), Кошкаров (Алматы)

    26 октября. Кызылорда. Стадион им. Г.Муратбаева 2 000 зрителей

     

    Ақ ұлпа қардың үстінде өткен «Қайсар» - «Ақтөбе» кездесуі 2:2 есебімен аяқталды. Жылдам голдардың кесірінен 0:2 есебімен жеңіліп жатқан алаң иелері ойын соңына дейін таразы басын теңестіріп, қонақтардың ұпайларын жұлып алды.

              Түн ауа жауа бастаған ақ ұлпа қар күні бойы толастаған жоқ. Тек, ойынның басталуына санаулы уақыт қалғанда ғана «аспанның тесігі бітеліп», стадион қызметкерлері алаңды қардан жарым-жартылай тазалап үлгерді. Әлбетте, мұндай алаңда футболшылар қандай ойын өрнегін көрсете қойсын, «ал да, теп» ұранымен өткен матчтың басында екі команда да футболдан гөрі қуаласпаққа көбірек ұқсайтын ойынды ермек етумен болды. Дегенмен, «батырға оң-солың бәрібір» деген рас екен, әріптесі Маркос Пиззеллиден әдемі пас алған Алексей Антонов ойынның 20-минутында қақпа тоғыздығын дәл көздеп, қонақтарды алға шығарды.

             Араға тағы жиырма минут салып, қонақтар таблодағы көрсеткішті еселей түсті. Тағы да Антонов. Бұл жолы команда капитаны Марат Хайруллин әуелете асырған пасты тиімді пайдаланған украиналық сұрмерген Кирилл Прядкинді қапы қалдырды.

             Ойын өз арнасымен жылжып, қонақтар тізгінді қолдарында бекем ұстап тұрған. Кенет, «Ақтөбе» ойыншысы Дмитрий Мирошниченко қақпаға кіріп бара жатқан допты қолмен тоқтатып, бас төреші Артем Кучин Сидельников қақпасына пенальти белгіледі. Ал Дмитрий Мирошниченко өз әрекеті үшін алаңнан қуылып, нүктеге жақындаған Антон Землянухин таразы басын қысқартты. Бұл бірінші таймдағы соңғы допқа жанасу болатын.

             Екінші таймда алаң иелері шабуылдарын тіптен күшейтті. Әлбетте, кем құрамда қалғандарына қарамастан «Ақтөбе» де қарап қалған жоқ. Реті туса болды, Прядкин қақпасын нысанаға алумен болды. Дегенмен, Дмитрий Огай шәкірттері бәрібір де «артық құрамды» тиімді пайдаланып, негізгі уақыттың аяқталуына екі минут қалғанда таблодағы көрсеткішті 2:2-ге жеткізді. Тура соққымен көзге түскен Валентин Фурдуй болатын.

            

    Владимир Газаев, «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері:

    -           Мұндай алаңда өнегелі ойын өрнегін көрсету мүлдем мүмкін емес. Біз кеше жаттығу жасауға келгенде-ақ алаң сапасының сын көтермейтіні жайлы айтқан болатынбыз. Бүгін қар жауды да алаңды мүлдем жарамсыз етіп тастады. Меніңше, жауапты тұлғалар мұндай алаңда ойын өткізуге рұқсат етпеуі тиіс еді.

    -           «Қайсар» сапында қай ойыншылар ұнады?

    -           «Қайсар» - жекелей ойыншыларымен емес, команда ретінде өте мықты. Мұны мен бұған дейін де айтқанмын. Бұл командамен қарсыласу еш клубқа да оңай тимейді.

     

    Дмитрий Огай, «Қайсар» футбол клубының бас бапкері:

    -           Расымен де мұндай алаңда әдемі ойын көрсету мүмкін емес. Сондықтан, барлығы футболшылардың шеберліктеріне емес, жігерліктеріне байланысты болды. Жігіттерге ризамын, соңына дейін тырмысып ойнады.

    -           Соңғы турды «Қайсар» өз алаңында қабылдайды. Бұл кезде ауа-райы футбол ойнауға мүлдем қолайсыз болуы мүмкін. Ойынды басқа алаңда өткізу туралы жоспарламайсыздар ма?

    Ол бізге байланысты емес. Матч инспекторы бар, егер ол ойынды Орталық стадионда өткізу керек деп шешсе, онда ойын осы жерде өтеді.

    Кайсар - Актобе 2:2 (0:0)

    Кайсар:

    Резерв:

    Актобе:

    Резерв:

    .

    26 октября, 2014, 16:00 . г.Кызылорда, стадион им. Муртабаева. 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 7593 )